ҚОСАРЛАҒАН БІРІКТІРУШІ АЦТ Қосарланған біріктіруші АЦТ температураның кең аралығында
өнеркәсіптік ақау жағдайында түрлендірудің жоғары дәлдігін
қамтамасыз етеді және өлшеу техникалары мен басқарудың
автоматтандырылған жүйелерінде белсенді қолданылады.
Қосарланған біріктіруші АЦТ құрылымдық схемасы 8.7-суретте
берілген.
Кіріс сигнал СӨКГ (сызықты өзгеретін кернеу генераторы)
біріктіріледі. Кіріс сигнал л
1
есептеуішімен қалыптастырылатын
белгілі бір уақыт аралығында біріктіріледі, бұл аралық Т
1
(КЛ1
кілті — жабық, КЛ2, КЛ3 кілттері — ашық).
Т 2
аралығында кері
бағыт белгісінің эталон кернеуі біріктіріледі. Кілттер аралықтан
аралыққа қайта қосылуды жүзеге асырады. Т
2
аралығында тек
біріктіруші шығысындағы кернеу нөлге жеткенде компаратор іске
қосылады да, В2 вентилін жабады.
8.7-сурет. Қосарланған біріктіруші АЦТ құрылымдық схемасы