Component > Analog Primitives > Waveform Sources > V командасымен беріледі.
Тербеліс көзі параметрлерін. Value=dc 0 ac 1 sin 0 .01 2e5 параметр
жолымен беруге болады. DC — тұрақты құрамдас мәні; AC —
амплитуда, Transient format — тербеліс түрі (sin), F0 —
синусоидалды тербеліс жиілігі. Импульстардың кезектілік көзі (V1)
Value=dc 1 pulse 0 10m 0 10n 10n 250n 500n параметрлеріне ие. DC
— тұрақты құрамдас мәні; Transient format — тербеліс түрі (pulse);
TD — алдыңғы фронттың басталуы; TR — алдыңғы фронттың
ұзақтылығы; TF — артқы фронтты ұзақтылығы; PW — импульстың
жазық жағының ұзақтылығы; PER — қайталау кезеңі.
Уақытша зерттеу параметрлерін баптаймыз (кесте 10.4).
Көбейту нәтижелері берілген график 10.8-суретте көрсетілген.
Тікбұрышты импульстардың кезектілігі синусоидалды сигналмен
көбейеді, нәтижелі сигнал жойылып бара жатқан синусоидалды
сигналды қайталайды және тікбұрышты импульстармен толтырады.
Шығыс нүктелерінде жиілік сипаттамасының графигін құрамыз.
Analysis > AC мәзіріне кіріңіз. Баптаулар 10.5-кестеде берілген.
1 0 . 4 - к е с т е