ГИЛЬБЕРТ КӨБЕЙТКІШІ А н а л о г т ы к ө б е й т к і ш т е р (АК) екі аналогты шама: ток не
кернеуді көбейту операциялары үшін арналған. Солардың негізінде
қосарланған жиілікті, балансты модуляторлардың, фазалық
детекторлардың, араластырғыштардың, күшейткішті электронды
реттейтін күшейткіштің схемалары және көптеген редиотехникалық
және электротехникалық схемалар құрыла алады. Автоматты реттеу
жүйелерінде олар көбейту және шаршыға айналдыру функцияларын
орындай алады, ал операциялық күшейткіштермен бөлу, түбірден
шығару
және
тригонометриялық
функцияларды
ажырату
функцияларын орындайды.
Әмбебап құрылғыларының шығару көлемі бойынша аналогты
көбейткіштер
операциялық
күшейткіштер
мен
кернеу
тұрақтандырғыштарынан кейін үшінші орынды алады. Оларды
жетілдіру үнемі жүргізіледі, онда бірнеше мақсат көзделеді:
көбейту сызықтылығын арттыру, жиілік қасиеттерін жақсарту,
энергия тұтынушылықты азайту, қорек кернеуі өзгермегенде кіріс
шамасының диапазонын кеңейту, сондай-ақ негізгі сапалық
параметрлерді жоғалтпай төмен вольтты қоректі аналогты
көбейткіштерді құру.
Көбейткіштер
радиолакаторларды
кеңіне
қолданылады:
мақсаттан алынған сигнал тірек сигналымен көбейтіледі. Егер
өтпелі құрылғы шығысындағы сигнал өткелден асатын болса, бұл