Заманауи теледидарларда барлық баптаулар қашықтықтан жүзеге
асырылады.
Көптеген төмен жиілікті сигнал
дауысын реттегіштерде
операциялық күшейткіштер мен транзисторлық схема базасында
аналогты еріткіш реттегіштер қолданылады. Бірқатар реттегіштерде
шығыс сигналын дискретті
басқару принципін қолданады, мұнда
деңгейді орнату дискреттілігі әдетте 10 дБ-ға тең етіліп таңдалады.
Бұл мұндай деңгей дискреті музыкалық бағдарламаларды тыңдауға
қолайлылығымен негізделеді. Алайда
фонограммаларды сапалы
түрде қайта жазу үшін сигнал деңгейін кіші диапазонда өзгерту
талап етіледі. Бұл қиындықтардан өтудің маңызды жолдарының бірі
– электронды қайта қосқыштармен
коммутацияланатын код-
кернеуді түрлендіргішті қолдану. Алайда бұл жағдайда мұндай
тораптық габаритті және құнды көрсеткіштері өтеусіз өседі.
Дайындалатын торап баптау
жұмыстардың сенімділігі мен
еңбексыйымдылығы да маңызды орын алады. Бұл сұрақты шешудің
ең қарапайым жолы – микроэлектронды сандық-аналогты
түрлендіргіштерді, мысалы 572 сериялы түрлендіргіштерді қолдану.
Бұл түрлендіргіштер стандартты
ТТЛ- және КМОЖ деңгейлеріне
ұқсас төмен тұтынушы қуаттылығына,
бір қорек көзінен жұмыс
істеу мүмкіндігіне ие.
LF351 операциялық күшейткіште тембр реттегіші жұмысын
қарастырамыз (10.3-сурет). Реттеу
резисторы операциялық
күшейткіштің инвертирлеу кірісіне қосылған кіріс тізбегінде тұр,
кедергі шамасына қарай шығыста сигнал деңгейі өзгереді.
10.3-сурет. Micro-Cap-да тембр реттегішінің схемасы
Сигнал генераторы ретінде F=200, A=1, RS=1M
параметрлі
синусоидальды тербеліс қолданылады (
Достарыңызбен бөлісу: