10
-БӨЛІМ
ТҮРЛІ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ
СХЕМАЛАРДЫ MICRO-CAP-ДА
ҮЛГІЛЕУ
КЕРНЕУ
РЕТТЕГІШІ
Кез келген аппаратурада қорек көзі кернеуінің тұрақтылығын
қамтамасы ету және кернеуді реттеу сұрақтары өзекті болып
тұрады. Мысалы, транзистордаы күшейткіш каскд жұмысы кезінде
қорек кернеуі каскадтағы токқа және транзистор жұмысын
қамтамасыз ететін жұмыс нүктесінің қалпына әсер етеді. Егер қорек
кернеуі айтарлықтай өзгерсе, онда транзистор жұмысының режимі
бұзылады да күшейкіш кірісінде сигналдың ауытқуы орын алады,
немесе сигнал мүлдем болмайды.
Электроникада қуаттылығы, тогы және тұрақтандырғыш кернеуі
бойынша ажыратылатын тұрақтандырғыштар мен реттеуіштердің
тұтас қатары қолданылады. Құрылғы 3А дейінгі токты тұтынғанда
негізінен
интегралды
микросхемалардағы
кернеулі
тұрақтандырғыштарды
қолданады.
Одан
қуаттырақ
тұрақтандырғыштарда транзисторлар пайдаланылады.
TO-220, ISOWATT220, TO-3 не D2PAK корпусында монолитті
интегралды схеманы білдіретін LM117/LM217/ LM317 кернеулі
реттегіш жұмысын қарастырамыз. LM117/LM217/ LM317 — 1,5 А –
дан көп шығыс тогы және 1,2ден 37 В-дейін кернеу диапазоны бар
оңтайлы кернеу реттегіш. Номиналды шыңыс кернеу айнымалы
резистормен реттеледі, бұл құрылғынының қолданылуын өте
қарапайым етеді.
Micro-Cap бағдарламасындағы реттегіш схемасы 10.1-суретте
берілген.
LM117/LM217/LM317 шығыс пен реттелетін шығыс арасында
1,25 В ішкі тірек кернеуін құрады. Бұл тұрақты токты резисторлы
бөлгіш арқылы орнату үшін жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: