Патологиялық түлеу. Түлеу процестің күшеюімен
(гиперкератоз) немесе оның қалыпты
жағдайда кездеспейтін жерлерде ұшырауымен сипатталады. Патологиялық түлеудің тума түрі
ихтиоз деп аталады. Ихтиоз теріде балықтың қабыршағындай қатты қатпарлардың пайда
болуымен ерекшеленеді. Бұл сырқатқа байланысты балалар өлі туылады немесе туғаннан кейін
тез арада өледі. Түлеу процесі жалпақ эпителийден өсетін эпидермалық рак үшін де тəн
құбылыс болып рак клеткаларының арасында кератинизация нəтижесінде
рак інжулері деген
қабат-қабат болып жайғасқан құрылымдар түзіледі.
Түлеудің екінші түрі қалыпты жағдайда түлемейтін шырышты қабықтарда ұшырап
(ерінде, жыныс мүшелерінде)
лейкоплакия деген ат алған. Лейкоплакия ошақтарынан кейін
қатерлі ісік (рак) өсіп шығу қаупі бар.