Жалпы семіру кезіндегі майлы дистрофия қанда май мөлшерінің өте көбейіп кетуіне
(гиперлипидемияға) байланысты.
Зат алмасуының бұзылуына байланысты келіп шығатын майлы дистрофия белоктардың
жəне май түзілуіне қарсы факторлардың жеткіліксіздігімен түсіндіріледі. Соның нəтижесінде
фосфолипидтер мен липопротеидтердің түзілуі бұзылып, бауырда көп мөлшерде бейтарап
майлар жиналады. Көптеген химиялық заттар, дəрілер жəне созылмалы өкпе-жүрек науқастары
кезіндегі оттегінің жеткіліксіздігі (гипоксия) де бауырдың майлы дистрофиясына алып келеді.
Майлы бауыр негізінде бауырда мезенхималық реакциялар басталып, фиброз жəне
цирроз дамуы мүмкін.