Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ҧйымдарында



Pdf көрінісі
бет177/325
Дата06.02.2022
өлшемі4,42 Mb.
#81968
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   325
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылына

 
«Биология» оқу пәні 
Биологиялық 
ғылымдар 
тірі 
организмдердің 
құрылымы 
мен 
функцияларын, олардың дамуы мен тіршілік ортасымен ӛзара қарым-
қатынасын зерттейді. Қазіргі заманғы кӛзқарастар бойынша ӛмір – бұл ірі 
органикалық молекулалардан тұратын және энергия мен қоршаған ортамен 
заттармен алмасу нәтижесінде ӛз ӛмірін сақтап қалуға және ӛзін-ӛзі қалпына 
келтіруге қабілетті күрделі биологиялық жүйелердің ӛмір сүру процесі.


163 
«Биология» пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында органикалық 
дүниенің кӛптүрлілігітуралы, ондағы болып жатқан процестер мен 
заңдылықтар туралы білім жүйелерін қалыптастыру, сонымен қатар адам оның 
ажырамас бӛлігі туралы саналы түсінікқалыптастыру. 
Оқу пәнінің міндеттері: 
1) жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін ӛмірдің 
құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың 
негізгі патшылықтары ағзаларының кӛбеюі мен дамуы, экожүйе, 
биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін қалыптастыру; 
2) 
экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа 
жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру; 
3) генетикалық сауаттылықты қалыптастыру – салауатты ӛмір салты 
негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау; 
4) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін 
практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, 
экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы 
практикалық іс-шараларға қатысу. 
«Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі:
1) 
7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
2) 
8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты; 
3) 
9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Оқу пәнінің мазмұны 4 бӛлімді қамтиды: 
1) тірі ағзалардың кӛптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері; 
2) кӛбею, тұқым қуалаушылық, ӛзгергіштік. Эволюциялық даму; 
3) ағза мен қоршаған орта; 
4) қолданбалы кіріктірілген ғылымдар
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына жаңадан қосылған 
тақырыптар: 

Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттерді қолдану; 

Аэробты және анаэробты тыныс алу 

Дүниежүзілік Тұқым қоры; 

Жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу; 

Биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасы және биотехнологияда 
алынатын ӛнімдері; 
Сонымен қатар жаңа бағдарламада терең меңгеруге арналған бірқатар 
тақырыптар берілген: 

Ӛкпедегі газ алмасу және ұлпалық тыныс алу механизмдері; 

Контрацепцияның маңызы; 

Ағзалардың тірі қалу стратегиялары; 

Түрлі жағдайлардың ферменттер белсенділігіне әсері. 
Сабақтарды жоспарлау кезінде практикалық дағдыларды дамытуға 
бағытталған белсенді оқыту әдістерін қолданған дұрыс.


164 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет