245
кӛрсететін адам әрекетінің объектіге немесе қаражатқа құнды және сындарлы
қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру.
«Химия» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
«Химия» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі:
Жаратылыстану-математикалық бағытта:
10-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағат;
11-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағат.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытта:
10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
11-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
Оқу пәнінің мазмұны 5 бӛлімнен тұрады:
заттардың бӛлшектері;
химиялық реакциялардың жҥру заңдылықтары;
химиялық реакциялардың энергетикасы;
химия және қоршаған орта;
химия және ӛмір.
«Заттардың бӛлшектері» бӛлімі келесі бӛлімшелерден тұрады: атомдар,
иондар және молекулалар; атом құрамы мен құрылысы, атомда электрондардың
қозғалысы мен таралуы; химиялық байланыстың түрлері.
«Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары» бӛлімі келесі
бӛлімшелерден тұрады: периодтық заң мен периодтық жүйе;
заттар
массасының сақталу заңы; стандартты электрондық потенциалдар.
«Химиялық реакциялардың энергетикасы» бӛлімі келесі бӛлімшелерден
тұрады: экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар; химиялық
реакцияның жылдамдығы;
химиялық тепе-теңдік; қышқылдар мен негіздер
теориялары. Электролиттер ерітінділеріндегі иондық тепе-теңдіктер.
«Химия және қоршаған орта» бӛлімі келесі бӛлімшелерден тұрады: Жер
химиясы; кӛміртек және оның қосылыстары.
«Химия және ӛмір» бӛлімі «Биохимия» бӛлімшесінен тұрады.
«Химия» оқу пәнінің жаңартылған бағдарламасына келесідей жаңа
бӛлімдер енгізілді:
Аналитикалық әдістер
Қышқыл және негіздер теориясы
Кешенді қосылыстар
Жаңа заттарды және материалдарды ӛндіру
Сонымен қатар тӛмендегі тақырыптар тереңірек оқытылады:
Атом қҧрылысы
Периодтық заң
Химиялық байланыс
Кинетика
Термодинамика
Химиялық тепе-теңдік
Тотығу-тотықсыздану реакциялары
Жаңартылған мазмұндағы бағдарлама ерекшеліктерінің бірі – теориядан
гӛрі тәжірибеге қарай бағытталуы болып табылады.
Білім алушыға
246
биологиялық білім беріп қана қоймай, алған білімдерін болашақта ӛмірінде
қолдана алатындай жағдай жасау. Оны жүзеге асыру үшін жаттанды білім
бермей, ӛз қолдарымен тәжірибе жасауға баулу. Жаңартылған бағдарламада
қауіпсіз
зертханалық сынақтар, тәжірибелік жұмыстар, кӛрсетілімдер, үйдегі
химиялық ғылыми тәжірибелерді ұйымдастыру және жүргізу арқылы зерттеу
дағдыларын
және
функционалдық
сауаттылықты
қалыптастыру
қарастырылған.
Тӛменде 86-кестеде химия бойынша практикалық, зертханалық жұмыстар
мен демонстрациялар тізімі берілген.
Достарыңызбен бөлісу: