ЖМБ бойынша оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытатын педагогтерге: 1. Сабақтарда тілдік дағдыларды дамыту және пәндік мазмұнға оқытуды
біріктіру. Мұғалімдер білім алушылармен сабақтың жоспарланған пәндік және
тілдік мақсаттарын (оқыту мақсаты емес) сабақтың басында (тілдік мақсаттар
пәндік мазмұн мақсаттарына қол жеткізуге толық байланысты болуы тиіс.)
Педагог сабақта пәндік мазмұны мен тілдік мақсаттары бойынша оқытудың
таңдап алынған мақсаттарын ескере отырып, барлық оқу іс-әрекетін
қалыптастыруы қажет (мұғалім оқушылардың сабақтың барлық кезеңдерінде
олардың сабақтарға қол жеткізуіне үнемі назар аударады, сондықтан білім
алушылар олардың үйреніп жатқанын және неге екенін түсіндіре алады).
Басқаша айтқанда, педагогтер оқу нәтижелерін қалыптастыра білуі тиіс.