267
даму болжамдарына аударады. Мақсат қою дағдыларын, бизнестің
ауқымымен, халықаралық бизнеспен, жеке стратегиямен танысуды үйретеді.
Қазақстан ӛнімінің халықаралық нарықтарға шығу стратегиясының жеке
пайымын қалыптастырады. Бұл бӛлім тұтынушылар мен кәсіпкерлердің
құқықтарын қорғауға бағытталған мемлекет және қоғамдық ұйымдар жүзеге
асыратын шаралар кешенімен таныстырады.
10-11-сыныпта «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша оқу
жүктемесінің кӛлемі әр бағыт бойынша аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68
сағатты құрайды.
Тоқсандағы бӛлімдер бойынша және бӛлімдер ішінде сағаттарды бӛлуді
мұғалімнің қалауына қарай ӛзгертуге болады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалау
жүргізілмейді. Формативті бағалау пәнді оқу барысында білім алушылардың
оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу және оқу үдерісінде оларға қолдау
кӛрсету мақсатында жүргізіледі. Тоқсан мен оқу жылының соңында
«есептелді» («есептелген жоқ») қойылады.
10-11 сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша
сынақ қою талаптары «Дене шынықтыру», «Музыка», «Кӛркем еңбек», «Ӛзін-
ӛзі тану», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» оқу
пәндері бойынша сынақ қою талаптары әдістемелік ұсынымдарында
келтірілген. Әдістемелік ұсыныстар www.nao.kz сайтта қолжетімді.
Достарыңызбен бөлісу: