257
процесін тӛмендегідей тарихи концептілер (түсініктер) негізінде ұйымдастыру
ұсынылады:
- ӛзгеріс пен сабақтастық;
- себеп пен салдар;
- дәлел;
- ұқсастық пен айырмашылық;
- маңыздылық;
- интерпретация.
Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи
оқиғалардың мағыналары мен
маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл
пәннің мағынасын терең түсінуге кӛмектеседі.
Тарихи түсініктерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдауды
жүзеге асыру ұсынылады. Нәтижесінде, білімалушылар тек қана пәндік
материалды
ғана емес, зерттеу процестері, дағдылар және біліктермен
байланысты әдістерді игереді (материалдарды жинау мен реттеу әдістері,
сұрақтарды құрастыру және дереккӛздермен жұмыс жасау процесінде мәселені
қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккӛздерді
сыни бағалауы,
зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді
тексеру).
Белгілі бір тарихи концептілерге негізделген оқыту нақты оқу
материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын
қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді.
Мұндай әдіс, зерттеуге
негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Мұғалімнің
сабаққа
арнайы
әзірлейтін
тапсырмалары
келесі
ӛлшемшарттарға сәйкес болуы қажет:
түсінікті болуы;
саралаудың ескерілуі;
сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беруі;
проблемалық оқытуға негізделуі;
бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы тиіс.
Картамен жұмысты тиімді деңгейде күшейту қажет. Ол үшін тарихи
карталар мазмұнын талдау бойынша тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.
Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация,
интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар берген дұрыс.
Пәнді оқыту кезінде барлық сынып білім алушыларының жұмыс жасауы
және үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін жеке, жұптық,
топтық жұмыстарды
ұйымдастыру ұсынылады. Оқыту процесін оңтайландыру мақсатында топтық
жұмысты ұйымдастыру ӛте тиімді болып табылады. Топтық жұмысты
ұйымдастыру кезінде әрбір білімалушының қабілеттері мен психологиялық
ерекшеліктерін ескеру, олардың топтағы атқаратын негізгі міндеттерін анық
түсіндіру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: