Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ҧйымдарында



Pdf көрінісі
бет260/325
Дата06.02.2022
өлшемі4,42 Mb.
#81968
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   325
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылына

«Ӛзін-ӛзі тану» оқу пәні 
Біртұтас үдеріс ретіндегі ӛзін-ӛзі танудың нысаны болмыстың физикалық, 
психикалық және рухани аспектісі тұрғысынан қарастырылатын адам болып 
табылады. Адамның осы қырларының біртұтас болуы оның ӛзін-ӛзі анықтау, ӛз 
маңыздылығын арттыру, ӛзін іс жүзінде кӛрсете білу және ӛзін-ӛзі жетілдіру 
аспектілерінен тұратын үйлесімді дамуды қамтамасыз етеді. Бұл ӛзін-ӛзі 
танудың пәндік саласын анықтайды, сол сияқты оқу пәнінің танымдық, 
дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін нақтылайды.
«Ӛзін-ӛзі тану» оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың рухани-
адамгершілік дамуы; олардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімді 
игеруі; оқушылардың сенімдерін,
әлеуметтік маңызды тұлғалық қасиеттерін 
және ӛмірлік дағдыларын қалыптастыру. 
Пәннің логикалық құрылымының мазмұны:
1) сүйіспеншілік, денсаулық, еркіндік, бақыт, ар-ұждан, еңбек, тән мен 
рух үйлесімі, ӛмірдің мақсаты, адамның тағдыры, ой мен сӛз және істің бірлігі 
тәрізді ұғымдарды ұғыну арқылы ӛзін-ӛзі тануға;
2) отбасы, достық, қарым-қатынас, сенім, сыйластық, теңдік, сұхбат, 
ӛзара түсіністік, ынтымақтастық тәрізді ұғымдарды ұғыну арқылы ӛзге 
адамдарды тануға; 
3) табиғат, Отан, ӛмір, қоршаған әлеммен үйлесімдік; сенім, үміт тәрізді 
ұғымдарды ұғыну арқылы әлемді тануға; 
4) ақиқат, шығармашылық, мәдениет, адамзаттың ортақ үйі ретіндегі жер, 
адамзаттың бірлігі тәрізді ұғымдарды ұғыну арқылы адамзаттың рухани 
тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі 
арқылы анықталады. 
«Ӛзін-ӛзі тану» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі: 
1) 10- сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты; 
2) 11- сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды 
Ӛзін-ӛзі тану бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың маңызды шарты 
сабақта оқушының кӛңіл күйіне, ӛзін жақсы сезінуіне әсер ететін релаксация 
жасауға мүмкіндік беретін, денеге түсетін күшті азайтатын, шаршағанды 
сейілтетін, ӛз сезіміне, эмоциясына, рефлексиясына дем беретін әдістемелік 
тәсілдердің кӛмегімен дамытушы салауатты орта құру болып табылады.
«Таным жолында» атты бірінші тараудың тақырыптары оқушылардың 
жалпыадамзаттық құндылықтардың ерекшелігін саналы сезіну арқылы ӛзіндік 
бірегейлігін ұғыну мақсатын кӛздейді. Адамның ӛзімен-ӛзі және қоршаған 
ортамен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамытуға, ӛзінің эмоциялық 


261 
күйін басқара алу білігін дамытуға, тұлғаны жетілдіру жолдарына, идеалды 
іздеу, мінез-құлықты тәрбиелеу, жауапкершілік, намыс пен абырой тәрізді 
қасиеттерін дамыту қажеттілігі туралы сӛз қозғалады. Бағдарламада 
оқушылардың адамның ішкі әлемі, тұлғалық қасиеттерінің жан-жақтылығы, 
ӛмірлік ұстанымы, ӛзіне сенімі, сезімі сияқты ұғымдардың мәнін түсінуіне 
мүмкіндік беріледі. Адамның шыдамдылығы, кӛңіл-күйін басқара білуі тәрізді 
жағымды жағынан кӛрінуі қарастырылады. Бағдарламада сонымен қатар 
адамның діни наным-сенімінің бостандығы және басқа адамдардың діни 
сезімдерін құрметтеп, тӛзімділік таныту мәселелеріне де назар аударылған.
«Тұлғаның қалыптасуы» тарауының тақырыптарында оқушылардың 
дүниетанымын олардың әлемге ашық бола білу, әлемді тану мен түсіну және 
әлемде жоғары адамгершілік ұстаныммен қатынас жасай алу қабілеттерін 
дамыту арқылы кеңейту кӛзделген. Бағдарламада адамның ішкі әлемі, оның 
шынайы бейнесі, тұлғаның рухани кемелденуі тәрізді мәселелердің тереңдігін 
ашу мүмкіндігі берілген. 
«Қоғамдағы ӛмір» атты үшінші тараудың тақырыптық жоспары 
оқушылардың жағымды ойлау дағдылары мен адамдар арасындағы қарым-
қатынас барысында туындайтын этикалық ӛмірлік қайшылықтарға саналы 
түрде, байыппен қарау дағдыларын дамытуға бағытталған. Жоғары сынып 
оқушыларына есею кезеңіне қадам басқан және ӛз жақындары, 
сыныптастарының ғана емес, сонымен бірге болашақ курстастары мен 
жұмыстағы әріптестерінің ортасында да ғибратты жағдай қалыптастыруда 
жауапкершілік шегін сезінетін адам тұрғысынан отбасындағы, ұжымдағы және 
қоғамдағы рӛлі туралы ӛз кӛзқарасын реттеуіне тура келеді. 
Тарауда бағдарлама бойынша оқушылардың қоғамға қызмет етуі, тең 
дәрежелілік пен әділдік туралы, ер адам мен әйел адамның әлеуметтік рӛлі 
туралы түсініктерін дамыту және тұлғаның ӛзіндік қалыптасуы, дүниетаным 
тәрізді ұғымдармен танысуы кӛзделген.
«Адамзат әлемі» атты тӛртінші тарауда оқушылардың адамзаттың мәдени 
мұраларына ізгілікті қатынасын дамытуға, ӛздерінің адамдық болмысы мен 
ақиқатқа жетудің ӛзіндік жолын ұғынуына алғышарттар жасалған. Аталған 
тараудың мазмұны мен оқыту әдістері маңызды адамдық ақиқатты 
оқушылардың 
жалпыадамзаттық 
құндылықтар 
туралы 
мәліметтерді, 
адамзаттың тарихи, мәдени және рухани жолын түсінуін, адамның бүгінгі және 
болашақтағы мұраттарын тереңірек түсініп қорытындылап, жүйелеу арқылы 
тұжырымдауын кӛздейді. Бұл тараудың бағдарламасын зерделеу жоғарғы 
сынып оқушыларының басты адами құндылықтарды адамзаттың тарихи, 
мәдени және рухани жолы туралы мәліметтерді жинақтау және жүйелеу 
жолымен, оның қазірі мен болашағы, адамның жоғары басымдықтарға ие 
екендігін терең ұғынуы арқылы жүзеге асырылатындығы пайымдалады. 
Бейбітшілікке және адамдар арасындағы келісімге қол жеткізудің қажетті 
шарты ретіндегі адамдарды біріктіретін ауызбіршілік туралы оқушылардың 
түсініктерін дамытуға ерекше кӛңіл бӛлінеді. Аталған тарау орта мектептегі 
ӛзін-ӛзі тану курсының қорытынды бӛлімі болып табылады және әр оқушының 
ұлан-байтақ ӛмірлік кеңістіктегі ӛз рӛлін, адамзаттың тұрмыстық міндеттерін 


262 
атқарудағы алатын ӛзіндік орнын және әркімнің еңбегіне, дарынына және 
шығармашылығына сұраныс болатындай болашақты құруды ұғына алуларына 
бағытталған. Осының барлығы жоғары сынып оқушыларына адам үшін 
маңызды «бақыт» деген түсініктің мәнін ұғынуына кӛмегін тигізеді.
10-11 сыныптардың игеруіне ұсынылып отырған бағдарламаның 
ӛзгешелігі бұрын оқығандарын жинақтауға бағытталған, үлкен ӛмірге аяқ 
басқан орта мектеп түлегіне қажетті жиынтық болып табылатын құзыреттілігін 
одан әрі дамыту мен орнықтыруды мақсат ете отырып, оқушылардың басты 
жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдерін тереңдету
болып табылады. 
Мұғалім сабақ барысында, оқытудың тӛмендегідей әртүрлі стратегияларын 
қолдану арқылы мұғалім мен оқушының арасында сенімділік атмосферасын 
құрады 
10-сыныпты 
бітірген 
соң 
білім 
алушы:
адам 
ӛміріндегі 
жалпыадамзаттық, этномәдени және ұлттық құндылықтардың ӛзара 
байланысын және арақатынасын түсінеді; жағымды қарым-қатынас мәдениетін 
біледі және күнделікті ӛмірде іс жүзінде кӛрсете алады; ӛзінің және басқа 
адамдардың кӛзқарас, пікірлері мен қылықтарын талдап, сыни тұрғыдан 
бағалай алады; отбасындағы жағымды қарым-қатынас құндылығын, отбасын 
құру жауапкершілігін сезінеді; ӛмірдің мәнін түсінуге ұмтылады; ӛзінің жеке 
уақытын ӛзі және қоғам үшін тиімді ұйымдастыра алады; әртүрлі 
дереккӛздерінен алынған ақпараттарды салыстырып, талдап, сыни тұрғыдан 
бағалай алады; ӛз пікірі мен кӛзқарастарын еркін, дәйекті түрде жеткізіп, 
негіздей алады, ӛзінің пікірінен алшақ пікірлерге тӛзімділік таныта алады; 
қоғамға қызмет етудің практикалық дағдыларына ие болады; ӛзінің азаматтық 
ұстанымын қорғайды; басқа ұлттар мен конфессия ӛкілдеріне, адамның 
қоғамдағы орны мен оның жеке қасиеттеріне қатыссыз құрмет пен тӛзімділік 
танытады. 
11-сыныпты бітірген соң білім алушы: 
адам үшін жалпыадамзаттық, 
рухани-адамгершіліктік құндылықтардың маңызын түсінеді;
 
ӛзара адами 
қарым-қатынастарды тани алады және оны бағалай біледі;
 
командада еңбектене 
біледі, топ пен ұжымда ӛз мәртебесін анықтай алады;
 
адам ӛміріндегі отбасын 
құрудың маңызын саналы түсініп, есею ӛміріндегі болашағын сезіне алады;
 
ӛзінің мінез-құлқын, эмоцияларын басқара алады; эстетикалық талғамға, жақсы 
әдеттерге ие,жақсы әдеттерін кӛрсете алады, күнделікті ӛмірде сұлулық 
заңдылықтарын пайдаланады;
 
ӛз ойы мен сезімдерін еркін жеткізеді;
 
қоршаған 
әлеммен үйлесімді қатынас құруға ұмтылады;
 
ӛзінің ұстанымдары мен 
нанымдарын қорғай алады;
 
қиянат жасау мен қатыгездікке қарсы тұрады;
 
отбасында, ұжымда денсаулық сақтау ортасы жағдайларын жасау және қолдау 
үшін білімдері мен іскерліктерін қолданады;
 
ӛзін-ӛзі жетілдіру үшін ӛмірлік 
жағдаяттарды шығармашылықпен және тиімді пайдалана алады;
 
ӛзін-ӛзі 
қалыптастыруға ұмтылады; жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа ала 
отырып, ӛмірлік әртүрлі жағдаяттарда жауапты шешімдер қабылдай алады
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет