Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ҧйымдарында



Pdf көрінісі
бет272/325
Дата06.02.2022
өлшемі4,42 Mb.
#81968
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   325
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылына

бес 
кҥндік оқу-далалық (лагерьлік) жиыны
ӛткізіледі. 
Далалық-оқу жиынындағы (лагерьлік) оқу материалдарын тақырыптар 
бойынша жоспарлау үлгісі (ұлдарға арналған). 10-сынып. 
Бӛлімдер:
 
1. «Тактикалық дайындық».
2. «Атыс дайындығы». 
3. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери 
құралымдарының жалпыәскери жарғылары». 
4. «Саптық дайындық». 
5. «Әскери топография». 
Оқу-дала жиыны курсы алғашқы әскери және технологиялық дайындық 
бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару 
органдарымен бірлесіп ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының оқу 
сағаттарымен қамтамасыз етіледі. 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу 
нәтижелерін бағалау үшін ауызша сұрақ қою, жазба жұмыстың және 
практикалық жаттығулар бақылауын қолдану арқылы жүзеге асырады.
5. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің 
мазмұны. 11-сынып. 
Бӛлімдер: 
1. «Әскери қызметтің құқықтық негіздері».
2. «Атыс дайындығы». 
3. «Саптық дайындық». 
4. «Технологиялық дайындық». 
5. «Ӛмір қауіпсіздігінің негіздері». 
11-сыныпта технологиялық дайындыққа арналған бӛлім жол қозғалысы 
ережесін 
және автокӛлік құралдарын 
қауіпсіз жүргізуді 
зерделеу 
қарастырылады.
«Технологиялық дайындық» бӛлімі: Дӛңгелекті машиналарды жүргізу 
негіздері мен ережелері – Қазақстан Республикасының жол жүру саласындағы 
заңдары мен ӛзге де құқықтық актілері. Кӛлік құралдарының санаттары. 
Жүргізушінің жұмыс орны; Жол қозғалысына қатысушылардың міндеттері – 
Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінде қамтылған негізгі 
ұғымдар мен терминдер. Жүргізушілердің, жаяу жүргіншілер мен 
жолаушылардың міндеттері. Жүргізушінің ӛзімен бірге болуы тиіс құжаттары; 


280 
Бағдаршамдар мен реттеушінің сигналдары – Бағдаршам мен реттеушінің 
сигналдары. Арнайы сигналдарды қолдану. Авариялық сигнал беру және 
авариялық тоқтату белгісін қолдану. Маневрлеу. Кӛлік құралдарын жолдың 
жүру бӛлігіне қою; Жол белгілері – Ескерту белгілері. Басымдық белгілері. 
Тыйым салу белгілері. Алдын ала жазылатын белгілер. Ақпараттық-кӛрсеткіш 
белгілері. Сервис белгілері. Қосымша ақпарат белгілері (тақтайшалар); Жол 
таңбалары және олардың сипаттамалары – Таңбалардың жіктелуі. Кӛлденең 
және тік таңбалардың талаптарына сәйкес жүргізушілердің іс-әрекеті. Кӛлік 
құралдарын пайдалануға жіберу жӛніндегі негізгі ережелері; Қозғалыс 
жылдамдығы – Қозғалыс жылдамдығы. Басып озу, алда кездескен жол айрығы. 
Аялдама және тұрақ. Қиылыстардан ӛту. Жаяу жүргіншілер ӛтпелері және 
маршруттық кӛлік құралдарының аялдамалары; Әртүрлі жағдайдағы 
қозғалыстар – Теміржол жолдары арқылы қозғалыс. Автомагистральдар 
бойынша қозғалыс. Тұрғын аймақтардағы қозғалыс. Маршруттық кӛлік 
құралдарының басымдығы. Сыртқы жарық құралдарын және дыбыс 
сигналдарын пайдалану; Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау – 
Механикалық 
кӛлік 
құралдарын 
тіркеп 
сүйреу. 
Оқу 
жүргізулері. 
Жолаушыларды тасымалдау. Жүктерді тасымалдау. Велосипедтер, мопедтер, 
кӛлік-арбалардың (шаналардың) қозғалысына, сондай-ақ жануарларды жолдан 
айдап ӛтуге қойылатын қосымша талаптар. Тірек-қимыл аппараты бұзылған 
адамдардың қозғалысын қамтамасыз етуді қамтиды. 
«Ӛмір қауіпсіздігінің негіздері» бӛлімі
: Қауіпсіздік негіздері және 
қауіптерді жіктеу – Қауіптердің негізгі ұғымдары мен жіктелуі. Техника 
қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігі; 
Қоршаған орта мен адамның қауіпсіздігі – Физикалық, химиялық және 
биологиялық факторлар арқылы адам денсаулығына әсер ету; Әртүрлі 
тұрмыстық жағдайларда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Электрлік және 
тұрмыстық газбен қауіпсіз жұмыс жүргізу. Тұрмыстық химия құралдарын 
пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Компьютерді пайдалану кезіндегі 
қауіпсіздік шаралары; Техногендік сипаттағы қауіптілік – Ӛнеркәсіптік апаттар 
(авариялар), олардың қысқаша сипаттамасы және ықтимал салдары. 
Жарылыстық-ӛрт 
қаупі 
бар 
нысандардағы 
апаттар 
(авариялар). 
Гидродинамикалық апаттар; Экологиялық қауіпсіздік – Ауа және су 
құрамының ластануы. Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді 
пайдалану. Топырақтың ластануы; Табиғи жағдайда автономды ӛмір сүру-
ерікті және мәжбүрлі автономия. Ӛмір сүру тәсілдері. Қажетті авариялық қор; 
Криминогендік жағдайларда ӛзін-ӛзі қауіпсіз ұстау негіздері – Кӛшедегі 
қауіпсіздік. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік. Адамдар кӛп жиналатын 
жерлердегі қауіпсіздік; Террористік акт қаупі кезінде жеке қауіпсіздікті 
қамтамасыз ету – Жарылыс қаупі пайда болған жағдайдағы тәртіп ережелері. 
Кепілдікке алынған жағдайда; Ақпараттық кеңістіктегі киберқауіпсіздік 
негіздері – Киберқауіпсіздіктің негізгі ұғымдары. Әлеуметтік желілерде 
қауіпсіз қарым-қатынас жасау ережелері. Ашық қол жетімді Wi-fi желілерін 
қауіпсіз пайдалану ережелері; Жаппай зақымдану кезіндегі алғашқы кӛмек 
кӛрсету – Алғашқы кӛмек кӛрсету ерекшеліктері. Кӛмектің түрлері. Зардап 


281 
шеккендерді зақымдану ошақтарынан эвакуациялау тәртібі; Негізгі жұқпалы 
аурулар. Уланулар, интоксикация және олардың алдын алу – Жұқпалы 
аурулардың жіктелуі және оның алдын алу. Уланудың негізгі түрлері. 
Уланудың жалпы алгоритмі. Уланудың негізгі түрлері. Интоксикация кезіндегі 
кӛмек; Жол-кӛлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге алғашқы кӛмек кӛрсету 
– Автомобильдегі дәрі қобдишасында болатын дәрілік препараттардың тізбесі 
мен мақсаты. Әртүрлі жарақаттар кезінде алғашқы кӛмек кӛрсету ережелері. 
Жүрек қызметі мен тыныс алудың кенеттен тоқтаған кездегі алғашқы кӛмек 
кӛрсету. Оқытудың негізгі нысандары теориялық, зертханалық-практикалық
практикалық және бақылау сабақтары болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет