Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Жалпы орта білім беру деңгейі аяқталғанда білім алушы:
1)
әскери іс, белгілеуді, ұйымдастыру құрылымын, штаттық
қаруландыруды және техниканы, тӛменгі тактикалық буын бӛлімшесінің
мүмкіндіктерін, бағдарлау құралдарын қолдануды, робототехника және IT-
технология негіздерін, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын
ұйымдастыруды; қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданғанда,
террористік қауіп-қатерді және табиғи апатты хабарлау жүйесін және әрекет
ету тәртібін; табиғи апаттардың сипаттарын, зақымдау ошақтарында құтқару
және апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын шұғыл ұйымдастыруды;
штаттық қаруды, қорғанудың дербес және ұжымдық құралдарының,
радиобелсенді және химиялық бақылау құрылғыларының атқаратын қызметін,
құрылысы мен қолдану тәртібін, сондай-ақ, тұрғындарды эвакуациялауды,
жергілікті жерде орналастыруды ұйымдастыру және ӛткізу тәртібін; алғашқы
кӛмектің міндеттері мен түрлерін, жолда жүру ережесін біледі;
2) әскери іс, робототехника және IT-технология негіздерін, ядролық,
химиялық, биологиялық (бактериологиялық) қарулардың және басқа да
адамдарды зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарының әсер ету
ерекшеліктерін, оларды қолданған кезде шаруашылық нысандарына, қоршаған
ортаға және экологияға тигізетін әсерін; табиғи және техногендік сипаттағы
тӛтенше жағдайдың салдары мен келтіруі мүмкін экономикалық және
экологиялық шығынын, жол жүрісі жүйесін ұйымдастыруды түсінеді;
3) орын алған әртүрлі жағдаятта ұрыс алаңында сарбаздың рӛлінде,
радиациялық және химиялық бақылау жүргізу бекетінің құрамында барлаушы
ретінде әрекет етуді; штаттық қаруды, жеке және ұжымдық қорғану
құралдарын, жараланғанда, қан кеткенде, күйік шалғанда және үсік шалғанда,
күн ӛткенде, электрлі жарақат алғанда, суға батқанда алғашқы кӛмек кӛрсетуді;
дененің түрлі бӛліктері жараланғанда байлап, таңуды; дененің түрлі
бӛліктерінде сынықтың ашық және жабық түрі бойынша алғашқы кӛмек
кӛрсетуді;
интернет
байланысты,
аудио-визуалды
технологияларды
пайдаланады, автомобиль кӛлігін жүргізу, робототехника дағдыларын
меңгереді, сандық фото және бейне жабдықтарды қолданады;
4) зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарын қолданғанда туындауы
мүмкін тосын жағдайды; табиғи және техногенді сипаттағы тӛтенше жағдайдың
салдарын, жолдардағы мүмкін болатын штаттан тыс жағдайларды талдайды;
5) зақымдаудың қазіргі заманғы қаруын қолданғанда туындауы мүмкін
тосын жағдайда әрекет ету алгоритмін; табиғи және техногенді сипаттағы
тӛтенше жағдай туындағанда әрекет ету алгоритмін, жолда болуы мүмкін
тӛтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмдерін жинақтайды,
283
синтездейді;
6) қабылданған шешімнің салдарын бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |