арнайы мектептер жағдайында 11-12 сыныптарда жалпы орта білім алады.
Екі бағыт бойынша салалық оқыту жүзеге асырылады: қоғамдық-
гуманитарлық және жаратылыс тану-математикалық. Бір немесе екі бағытты
таңдау оқушылардың қажеттілігі мен ата-аналарының сұрауы ескеріліп, жүзеге
асырылады. Білім беру процесінің толықтыру-дамыту бағыттылығын жалпы
білім беру пәндері бойынша сабақтарда, арнайы сабақтарда психологиялық-
педагогикалық қолдау кӛрсету мамандары қамтамасыз етеді. Сабақтар топтық
және жеке формаларда ӛткізіледі. Кӛру қабілетінің бұзылымдары бар оқушылар
үшін:
- әлеуметтік-тұрмыстық бағдар (ӘТБ);
- кеңістіктік бағдар;
- бет қимылы мен пантомимиканың дамуы.
Тірек-қозғалыс аппаратының бұзылымдары бар оқушылар үшін емдеу
дене шынықтыру сабағы ӛткізіледі.