Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ҧйымдарында



Pdf көрінісі
бет278/325
Дата06.02.2022
өлшемі4,42 Mb.
#81968
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   325
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылына

Кешкі (ауысымды) мектеп
Қазақстан Республикасының азаматтарына
сондай-ақ шетел азаматтарына (
қолданыстағы заңнама аясында Қазақстан 
Республикасының
) негізгі орта және жалпы орта білім алу мүмкіндігін береді 
(ҚР «Білім туралы» Заңы, 3-бап, 1-тармақ, 1-тармақ,1-тармақ).1-т.; Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 
375 «
Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта 
білім беру)түрлері бойынша қызметтің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
бұйрығы. 4,т. 41). 
Назар аударыңыз!
 
Кешкі мектепте
және кешкі бӛлімде күндізгі жалпы білім беретін 
мектептерде оқыту: 
- күндізгі;
- сырттай; 
- күндізгі-сырттай; 
- ҚР «Білім туралы» Заңының 27 бабына сәйкес сырттай жеке оқу түрі. 


286 
Білім беру мазмұнын жаңартуға сәйкес кешкі мектептерге арналған 
үлгілік оқу жоспарлары әзірленді және бекітілді (2018 жылғы 4 қыркүйектегі 
№441 бұйрық 51-56 қосымша). 
Жаңартылған мазмұн бағдарламасы бойынша оқуға ӛткен сыныптарда 
білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критериалды бағалау жүйесі 
бойынша жүзеге асырылады.
Отандық білім беруді жаңғырту, орта білім берудің ұлттық моделін құру, 
білім беру парадигмасын іскерлікке айналдыру, мектеп білімінің мазмұнын 
түбегейлі ӛзгерту және жаңарту, бірінші кезекте, сапалы білім алуда барлық 
азаматтар үшін тең мүмкіндіктер беруге және қоғамда табысты әлеуметтендіру 
қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Алайда қазіргі уақытқа дейін білім беру 
процесінен тыс әртүрлі себептермен қалған азаматтар санаты бар. Мұндай 
адамдарды оқуға тарту, біздің мемлекет азаматтарының жалпы білім беру 
деңгейін арттыру мақсатында елімізде негізгі контингенті 14 жастан бастап 
жұмыс істейтін ересек адамдар мен жасӛспірімдер болып табылатын, күрделі 
жағдайға тап болған, осыған байланысты күндізгі жалпы білім беретін 
мектептерде білім алмаған кешкі мектептер жұмыс істейді. 
Кешкі мектептердегі білім беру үдерісі білім беру деңгейіне: 
1) негізгі орта білім (игеру мерзімі-3 жыл: 7, 8, 9 сыныптар);
2) жалпы орта білім беру (игеру мерзімі - 2 жыл: 10, 11 (12) сыныптар). 
3) Жеке оқу түрі (меңгеру мерзімі – жеделдетілген, оқу жылында 2-
сыныптан) сәйкес жүзеге асырылады. 
Жаңартылған білім беру мазмұнының үлгілік оқу жоспары бойынша 
білім алушыларды сыныптан сыныпқа ауыстыру БЖБ және ТЖБ нәтижелері 
бойынша жүзеге асырылады; 9 және 11-сыныптарда Үлгілік қағидаларға сәйкес 
қорытынды аттестаттау жүргізіледі. 
Оқытудың барлық түрлері бір оқу орнының шегінде жүзеге асырылуы 
мүмкін. 
Оқытудың жеке нысаны ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 
17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік 
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 18 қазанда № 
8827 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады. Жалпы орта білім берудің 
үлгілік оқу жоспарлары (жаңартылған мазмұны) бойынша. 
Сабақ кестеге сәйкес аптасына 4 күн ӛткізіледі. Сырттай оқытудың жеке 
топтары толымдығымен ашылады (ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 
жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына сәйкес 1-ден 8 адамға дейін 
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік 
тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 18 қазанда № 8827 болып тіркелген).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет