31
тапсырмаларды Қазпошта арқылы немесе
қолма-қол қағаз тасығышта
беру арқылы.
Қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оқу процесін
жоспарлау және ұйымдастыру кезінде оқыту жұмысының түрлері бойынша
уақыт нормаларын білім беру ұйымы дербес икемдеп, жеке кесте құрды.
1.
Телесабақтар «EL ARNA» («Радио Классик» арнасында қосымша
аудиосабақтар),
«Balapan»
(«Қазақ
радиосы»
арнасында
қосымша
аудиосабақтар) телеарналарында аптасына 5 күн 10 минуттан 1-11 (12)
сыныптардың оқу пәндері бойынша ӛткізілді.
Телесабақ форматын пайдаланған кезде кері байланыс «Kundelik.kz»
электронды журналы, «Bilimal.kz», «Mektep.edu.kz» жүйелері арқылы жүзеге
асырылды, электронды журнал болмаған жағдайда – педагогтің қалауы
бойынша байланыстың қолжетімді түрлері арқылы жүргізілді (кері байланысты
ұсыну мерзімділігін мұғалім ӛздігінен анықтайды).
2.
Сабақтар интернет-платформа арқылы ӛткізілді.
Сабақты жоспарлау
кезінде педагог білім алушыларға ӛздігінен оқуға тапсырмалар/ оқулықтан оқу
материалын орындау үшін ұсынды. Сонымен қатар, интернет-платформаларда
орналастырылған сабақтар ұсынылды, қолжетімді сандық білім беру
ресурстары қолданылды.
Сонымен қатар, ӛздігінен орындауға
арналған оқу тапсырмасы
электронды журналдар жүйесінде, интернет-платформалар, электрондық
пошта, WhatsApp, Аitu-чат және басқа мессенджерлер арқылы ұсынылды.
Кері байланыс Kundelik.kz, Bilimal.kz, Mektep.edu.kz журналдары арқылы,
электронды журналдар болмаған жағдайда
- мұғалімнің қалауы бойынша
байланыстың қолжетімді түрлері арқылы (кері байланысты ұсыну мерзімділігін
мұғалім ӛздінен анықтайды) жүзеге асырылды.
3.
Байланыс, интернет болмаған жағдайда оқу материалдары Қазпошта
арқылы жіберілді және штаттық режимде оқыды
.
Алыс
оқшауланған
елдімекендерде орналасқан 5-тен 80-ге дейінгі балалар саны бар мектептерде
санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып (кварцтау, желдету,
ауысымдылық және т.б.) штаттық режимде оқыту жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: