Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ҧйымдарында



Pdf көрінісі
бет66/325
Дата06.02.2022
өлшемі4,42 Mb.
#81968
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   325
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылына

 
 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды нормативтік қҧқықтық 
қамтамасыз ету 
Білім беру ұйымдары ӛз қызметінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 
жүйесін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады: 
1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 
шілдедегі № 319-III Заңы.
2. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 
жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VI Заңы. 
3. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 II Заңы. 
4. «Ойыншықтардың 
қауіпсіздігі 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 306 Заңы.
5.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 
2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы). 
6.
Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын 
және 
педагог 
қызметкерлер 
мен 
оларға 
теңестірілген 
адамдар 
лауазымдарының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2008 жылғы 30 қаңтардағы N 77 қаулысы. 


51 
7.«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім 
беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы. 
8.«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 
үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы. 
9. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын 
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 
2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы.
10.«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және 
басқа 
да 
қосымша 
әдебиеттердің, 
оның 
ішінде 
электрондық 
жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 бұйрығы. 
11.«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын 
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 
жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы. 
12.«Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер 
кӛрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығы. 
13.Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және 
кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi 
бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі 
білім беру ұйымдарының дайындық бӛлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі 
тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын 
орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы. 
14. «Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта 
білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін кӛрсетудің 
үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ӛткізуге арналған үлгілік шарттың және 
дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 
бұйрығы. 
15. «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу 
шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық 
сыныптарында ұйымдстырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша
әдістемелік ұсынымдар» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығы. 
16. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың 
лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 
бұйрығы. 
17.«Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы 
білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру 


52 
нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы. 
18.«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын 
ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 
шілдедегі № 355 бұйрығы. 
19.«Педагогика 
кадрларының 
біліктілігін 
арттыру 
курстарын 
ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 
бұйрығы. 
20. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім 
беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға 
қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы.
21. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және 
жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық 
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру 
бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген 
тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық 
қызметшілерді аттестаттаудан ӛткізу қағидалары мен шарттарын бекіту 
туралы» Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 
27 қантардағы № 83 бұйрығы. 
22.«Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау 
жүйелерімен жарақтауға стандарттарды және оларға қойылатын талаптарды 
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 
қаңтардағы № 49 және Қазақстан Республикасы Білім беру және ғылым 
министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 бірлескен бұйрығы. 
23. «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары ҚР 
Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы.
Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік саясаттың негізгі 
басымдықтарының бірі балаларды патриоттық рухта, ӛз жеріне деген 
сүйіспеншілікке, ӛзінің кіші Отанына деген адалдыққа, табиғатқа, жануарларға 
ұқыпты қарауға тәрбиелеу болып табылады. 
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттерін іске асыру мақсатында 
мектеп жасына дейінгі балаларда ұлттық салт-дәстүрлер мен жалпыадамзаттық 
құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру, 
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының жобаларын ескере отырып, ата-
аналардың жауапкершілігін арттыру және тәрбие процесіне белсенді тарту 
бойынша жұмыс жалғастырылады.
Баланы жақсылық жасауға баулитын, рухани-адамгершілік қасиеттерге 
тәрбиелейтін негізгі орта-отбасы болып табылады. Педагогтердің міндеті - ата-
аналарға отбасында, ең алдымен, ата-бабалар қалыптастырған адамгершілік 
және рухани әдет-ғұрыптар мен құндылықтардың сақталуы және берілуі ерек 


53 
екенін, ата-аналар балаларды тәрбиелеуге жауапты және бала үшін отбасы-бұл 
тәрбие негізі, адамдарға, табиғатқа деген карым-қатынас қаланатын әлем екенін 
түсінуге кӛмектесу.
Балалардың құрдастарына мейірімді қарым-қатынасын дамытуға, 
адамдарға деген құрмет сезімін, игі істер жасауға ұмтылысын тәрбиелеуге 
ерекше кӛңіл бӛлу қажет . 
Мектеп жасына дейінгі балаларда 4К моделі бойынша негізгі 
құзыреттерді 
қалыптастыру 
«Денсаулық», 
«Қатынас», 
«Таным», 
«Шығармашылық» және «Әлеумет» білім беру салаларында жүзеге 
асырылатын болады: 
1) креативтілік-шығармашылыққа деген қабілеттілік, жаңаны ойлап 
шығару мүмкіндігі. Креативті ойлау дағдылары: 
- қасиеттері мен белгілерін ауызша сипаттау бойынша затты табу
- екі немесе одан да кӛп объектінің жалпы және әртүрлі белгілерін табу; 
- объектінің сипаттамасы бойынша мүмкін болатын әрекеттерді тану;
- бір затқа қолданылатын әрекеттерді басқа затқа ауыстыру; 
- шығармашылық әңгіме, ертегі, жұмбақ құрастыру. 
Сыни ойлау технологиясын қолдану балаға тәрбиешінің сұрақтарына 
жауап беруге, ӛз сұрақтары мен мәселелерін ойлануға мүмкіндік береді. 
Педагогтің сыни ойлау технологиясының тиімді тәсілдері мен әдістерін 
қолдануы балалардың пікірін білдіруін қалыптастырады, дербестігін, 
жауапкершілігін, әлеуметте бағдарлай білуін дамытады. 
2) коммуникативтілік-қарым-қатынас жасау, байланыс орнату, тіл табысу, 
үйлесімділік орнату қабілеті (бірлесіп жұмыс істеуге қабілеттілік).
3) командада жұмыс істей білу - бұл бір-бірімен келісе білу, ӛзара пікір 
алмасуды қолдау, басқа адамдарды түсінуге тырысу, ӛзінің және ӛзге 
адамдардың әрекеттерін бағалай білу. Командада жұмыс істеу дағдыларын 
үйрету балаларға кез келген әлеуметте (балабақша, құрдастары және т.б.) 
бейімделуге септігін тигізеді. 
4) сыни ойлау- нәтижелі түрде пікір алмасу үшін қажетті қасиеттерді: 
тӛзімділікті, ӛз әрекеттеріне жауап беруді, тыңдау қабілетін дамытатын 
(жұппен және топтық жұмысты қолдану, пікірталас) әлеуметтік ойлау. 
Сыни ойлауды дамыту мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: 
- баланың пікірін қалыптастырмас бұрын білім алуға деген ұмтылысын 
ояту; 
- баланы тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруге, ӛз сұрақтары мен 
мәселелерін ойлануға үйрету; 
- баланы дайын білімді қолданбай, әрекет процесінде туындайтын білімін 
қолдануға деген ынтасын тәрбиелеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет