«Әдебиеттік оқу» оқу пәні
(оқыту қазақ тілінде)
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім
алушыларының кӛркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында
қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын ӛзінің шығармашылық
әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру.
Оқу бағдарламасында әдеби-шығармашылық қабілеттерін дамыту
қарастырылған. Нақты шығармаларды оқып білу және қажетті шығармашылық
тапсырмаларды орындау үшін мұғалім білім алушылардың даярлық деңгейіне
байланысты сабақтар санын анықтайды.
Оқу жҥктемесінің кӛлемі:
1) 2-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 102 сағатты;
2) 3-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 102 сағатты;
3) 4-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 102 сағатты құрайды.
Оқу дағдысы негізгі оқу дағдысы болып табылады, сондықтан оны
қалыптастырғанда, кезең-кезеңмен жұмыс істеу маңызды: дұрыс оқу (дыбыстар
мен әріптерді сәйкестендіру, буындар құрауы); түсініп оқу (оқылған сӛздің
мағынасын түсіну және олардың мағынасын түсіндіру); шапшаң (тұтас сӛздерді
дұрыс және түсініп оқу); мәнерлеп (дұрыс, түсініп және шапшаң оқуға және
ақпараттың мазмұнына ӛзінің кӛзқарасын білдіру).
Білім алушылардың оқу дағдыларының қалыптасуын ескере отырып,
мұғалім тӛмендегі міндеттерді қояды:
-
екінші сыныпта
сӛз бен сӛз тіркестерін тұтас оқуға біліктерінің
қалыптасуын; оқу қарқыны бойынша оқылған мәтіннің мазмұны түсінуін, оқу
кезінде кідіріс жасай білуін, тиісті тыныс белгілерін қоюын, интонациясын,
кейіпкерлерінің ерекшеліктері тән қассиеттерді білуін тексереді;
-
ҥшінші сыныпта
негізгі құралдардың мәнерлілігін пайдалануда
ӛлеңдер және шығармалар мәтінін оқу мәнерлілігін тексеру, дауыстап және
іштей оқуда оқылған мәтіннің мәнін түсінуін, сонымен қатар, оқу техникасын
тексерудің негізгі міндеттерін тұтассӛздермен оқи білуінің қалыптасуын
тексереді;
-
тӛртінші сыныпта
оқу дағдысы: шығарманы іштей кӛз жүгіртіп,
73
шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі
қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу (10-кесте).
10-кесте. Оқу дағдыларының нормалары
Сыныптар
І
жартыжылдық
ІІ
жартыжылдық
2-сынып
40-45 сӛз
50-55 сӛз
3-сынып
60-65 сӛз
65-70 сӛз
4-сынып
75-80 сӛз
80-90 сӛз
Ескерту: шылау, одағай, еліктеу сӛздер, қос сӛздер жеке сӛз ретінде
саналады. Білім алушылардың оқу техникасы оқу дағдысын қалыптастыру
бойынша одан әрі оқыту алгоритмін құру үшін критерий болып табылатынын
ескеру маңызды.
Оқу қарқыны (жылдамдығы) оқу тәсіліне, түсінуіне және мәнерлілігіне
тікелей байланысты екенін және сол арқылы оқу дағдысының толыққанды
қалыптасатынын есте ұстау қажет.
Білім алушылардың дайындық деңгейіне байланысты қажет болған
жағдайда, мұғалім таңдауы бойынша басқа да әдеби шығармаларды оқуды
тізбеге қосуға болады. Ол шығармалар білім алушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек.
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша мұғалім әр түрлі қосымша жұмыстарды
жүргізуі мүмкін және тапсырмалардың критерийлері мен дескрипторлары
даалдын ала дайындалады. Мұғалім шығармашылық жұмыстарды ӛткізу кезеңі
мен түрлерін ӛзі анықтайды. Тӛменде ұсыным сипатында критерийлермен
жұмыс жасаудың шамамен түрлері берілген (11-кесте).
11-кесте. Пән бойынша жұмыс түрлерінің үлгісі
№
Оқудың түрлері
Критерийлер/дескрипторлар
1.
Алгоритм бойынша әңгіме қҧрау
- алгоритм бойынша әңгіме құрай алады;
-
әңгімедегі оқиғалардың дәйектілігін
анықтайды;
- әңгімені аяқтай алады;
- құралған әңгімені жазады
2.
Кейіпкердің атынан хат
-
сӛйлемдерді нақты әрі анық құрайды;
-
дәйектілікті сақтайды;
-
кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады,
қорытынды жасай алады
3.
Кейіпкерге хат
Мұғалім
шығарманы
ӛз
қалауы
бойынша таңдайды. Ал білім алушылар
хат жазатын кейіпкерін ӛз бетінше
таңдайды.
- ӛз хатына ат қоя алады;
-
тірек сӛздерді пайдалана отырып,
ұсынылған тақырып бойынша хат жазады;
- ӛз ойын қисынды және жүйелі түрде
жеткізеді;
- сӛйлемнің ойын дәл жеткізеді;
- кейіпкердің іс-әрекетін сипаттайды;
- кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады,
74
қорытынды жасай алады
4.
Санамақ қҧрастыру
Санамақ – баланың есептеу, ойлау
қабілетін дамытуға арналған тілдік
құралы.
-
санамақтарды
мақал-мәтелдерден,
жұмбақтардан, т.б. ажырата алады;
-
санамақ
құрастырудың
принципін
түсінеді;
-
ӛзінің
құрастырған
санамағына
таныстырылым жасайды
5.
Диалог
-
диалог түрінде сӛйлесе алады;
-
диалогтің басында, ортасында және
соңында айтылатын сӛйлемдерді дұрыс
қолданады;
-
ойын түсінікті және дұрыс жеткізе
алады;
-
сӛздік қорын кӛрсете алады
6.
Кітап жасау
Шығармашылық жобаның бұл түрін
(жеке немесе топтық) әртүрлі техникада
орындауға болады. Бұл ӛзі суреттерін
салып, қолымен жазылған кітап болуы
мүмкін. Кітапты аппликацияменәрлеуге
болады. Кітап әртүрлімазмұнда бола
алады:«Бұл қандай аң?»; «Ақ» сӛзімен
тұрақты
сӛз
тіркестері,
иллюстрацияланған (суретті) сӛздік.
-
шығармашылық жобаның тақырыбын
анықтайды;
-
кітаптың
мазмұнын
ойластырады
(ресурстарды таңдайды);
-
суреттермен әрлейді;
-
суреттер мазмұнына сәйкес келеді
7.
Берілген рифма бойынша ӛлең (буриме)
шығару және басқа да ӛлең тҥріндегі
шығармаларды ойлап табу; сондай-ақ
бірінші жолдың екінші жолын ойлап
табу және т.б.
-
екі
немесі
бірнеше
сӛздердің
қосымшаларынан,
соңғы
буындарынан
ұйқасым таба алады;
-
берілген рифмаға сәйкес сӛздерді таңдай
алады;
-
берілген
тақырыпқа
сәйкес
ӛлеңді
жалғастыра алады
8.
Ертегілер елінде
Әртүрлі ертегілерден сюжеттерді және
кейіпкерлерді
таңдайды,
оларды
біріктіріп, ертегі ойластырады. Білім
алушылар кейіпкерлерін алмастыра
отырып, ӛздерінің сүйікті ертегілерін
ала алады.
-
әртүрлі ертегілердің кейіпкерлерін бір
сюжетке біріктіре алады;
-
ойластырған ертегісі түсінікті;
-
оқиғалардың дәйектілігін сақтайды
9.
Аяқталмаған әңгіме
-
ұсынылған бастамасы бойынша әңгімені
жалғастырады;
-
әңгімедегі
оқиғалардың
дәйектілігін
анықтайды;
-
әңгімені аяқтай алады
10.
Оқылған шығармаға диафильм салу
-
мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап
береді;
-
мәтінді аяқталған мазмұндық бӛліктерге
бӛле алады;
-
әр бӛліктің негізгі ойын анықтай алады;
-
әр бӛлікке ат қояды;
-
дәйекті жоспар құрады;
-
диафильм салады
Пән бойынша жиынтық бағалау тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ)
75
және бӛлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты санын
жүргізуді кӛздейді. Тӛменде бӛлім/ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау саны
кӛрсетілген (12-кесте).
12-кесте. «Әдебиеттік оқу»
пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сыныптар
Бӛлімдер/ортақ тақырыптар бойыншажиынтық
бағалау саны
ТЖБ балдары
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
әр тоқсанда
2-сынып
2*
2*
2*
2*
14 балл
3-сынып
2*
2*
2*
2*
16 балл
4-сынып
2*
2*
2*
2*
18 балл
* Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сӛйлеу қызметінің
екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және
жазылым)
Карантиндік және шектеу іс-шаралары жағдайында барлық мектептерде
(штаттық режимде, дистанциялық форматта, кезекші сыныптарда) пәннен 1
БЖБ, 1 ТЖБ жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |