Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет10/211
Дата06.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#82001
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   211
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

жҥйе
 
ретінде 
қарауға бағыттайды. 
Жҥйелік тҧрғыдан келу
қазіргі кезде 
қызметтік, аналитикалық кӛзқарастардың орнын басты. 
Жүйелік тұрғыдан қарастырудың мәні мынада, яғни 
салыстырмалы жеке компоненттер бӛлек-бӛлек емес, олардың 
ӛзара байланысында, дамуы мен қозғалысында қарастырылады. 
Жүйелік тұрғыдан келу жүйені құраушы элементтерде 
болмайтын интегративті жүйелік қасиеттер мен сапаларды 
анықтауға мүмкіндік береді. Жүйелік тұрғыдан келудің пәндік, 
қызметтік және теориялық қырлары зерттеудің тарихилық, 
нақтылық, жан-жақты байланыстар мен дамуды есепке алу сияқты 


21 
принциптерін бірлікте жүзеге асыруды талап етеді. Жүйелік 
тұрғыдан келу зерттелетін процестерді жүйе ретінде қарастыра 
отырып құрылымдық және функциональдық модельдерді құруды 
ойластырады, олардың қызметі мен заңдылықтары, тиімді 
ұйымдастыру принциптері туралы білімдерді алуға мүмкіндік 
береді. 
Жүйелік тұрғыдан келуде эвристикалық және практикалық 
түрлендіру мүмкіндіктері білім беруді зерттеуде педагогикалық 
процесті «педагогикалық жүйе», «тұтастық» және «ӛзара әсер» 
категорияларына жүгінуге тура келеді. Педагогикалық жүйе 
құрылымдық, қызметтік талдау деңгейінде ӛзара байланысты 
компоненттер 
жиынтығы ретінде: 
педагогикалық 
процесс 
субъектілері, білім мазмұны (жалпы, базалық және кәсіби 
мәдениет) және материалдық база (құрал-жабдық) қарастырылуы 
мүмкін. Олардың мақсатқа бағытталған органикалық ӛзара 
байланысты қозғалысы педагогикалық процесті динамикалық жүйе 
ретінде кӛрсете алады. Мақсат-педагогикалық жүйе пайда 
болуының жетекші факторы. 
Жүйелік тұрғыдан келу педагогикалық, теория, эксперимент 
және практиканың бірлігі принципін жүзеге асыруды талап етеді. 
Бұл принциптің дұрыс берілуі мен дамуы практика мен ғылым 
арасында белгілі бір қайталанбалы байланыстың болатындығын 
түсінуге мүмкіндік жасайды. Педагогикалық практика ғылыми 
білімдер, теориядан шығатын ережелердің дұрыстығының 
кӛрсеткіші болып табылады және шінара экспериментте 
тексеріледі. Практика білім берудің жаңа іргелік мәселелерінің 
кӛзіне айналады. Теория ӛз кезегінде дұрыс практикалық 
шешімдерге негіз болады, бірақ ауқымды проблемалар, міндеттер, 
білімдік процесте пайда болатын іргелі зерттеулерді талап ететін 
жаңа мәселелерді тудырады. 
Педагогикадағы тұтастық тұрғыдан кӛзқарас, қызметтікке 
қарама-қарсы пайда болды. 
Тҧтастық тҧрғыдан
келу жүйелікті 
дамыту сияқты педагогикалық процесті ұйымдастыруда тұлғаның 
интегративтік (тұтастық) сипаттарына бағдар жасауды талап етеді. 
Осымен байланысты тұлғаны ӛзіндік құрылымы, қызметі және ішкі 
құрылымы бар күрделі психикалық жүйе ретінде түсіну қажет. 
Тұлғаның интегративті, тұтастық қасиетін бӛліп кӛрсету 
проблемасы психологияда ӛзінің бір жақты шешімін таба қойған 
жоқ. Дегенмен зерттеушілер тұлғаның барлық қырлары ӛзара тығыз 


22 
байланысты, бір-бірімен ӛзара әсерлеседі, бірақ оның басым әсері 
бәрі бір де оның әлеуметтік жағы-дүниетанымы мен қажеттілігі, 
қызығуы, идеясы, ұмтылысы, тұлғалық моральдық және 
эстетикалық сапаларын кӛрсететін бағыттары болып табылады. 
Тұлғаның маңызды ӛлшемдік сапалық қасиеті болып оның 
бағыттылығы, яғни тұлғаның рухани ӛзегі ретінде саналады. 
Сонымен, 
тҧтастық тҧрғыдан келу
педагоикалық жүйеде 
және дамитын тұлғаны, алдымен интегративтік тұрақты жүйе 
құраушы байланыстары мен қатынастарын анықтауға бағдарлайды; 
жүйеде не берік (тұрақты), ал не ӛзгермелі, не басты, не қосалқы 
екендігін зерттеуге және қалыптастыруға бағдарлау. Ол тұлғаны 
жүйелік тұтастық ретінде дамытудағы жекеленген компоненттер-
процестердің қосатын үлесін айқындауды қарастырады. Бұл 
жағдайда ол тұлғалық тұрғыда келумен ӛте тығыз байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   211




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет