219
мамандықтардан айырмашылығы – ол ӛзгертушімен қатар,
басқарушы сипатқа ие. Оның мақсаты тұлғаны қалыптастыру және
ӛзгертумен қатар, педагог оның интеллектуалды, эмоционалды
және дене даму процестерін басқаруы тиіс.
Педагогикалық мамандықтың басты мазмұны – басқа
адамдармен қарым-қатынасқа түсу. Оның басты міндеті –
қоғамдық мақсатты түсіну және басқа адамдардың күш-жігерін
сол мақсатқа қол жеткізуге бағыттау.
Мұғалім мамандығында қарым-қатынас жасау іскерлігі кәсіби
қажетті қасиет болып табылады.
Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның объектісі мен нәтижесінде.
Объектісі – адам, ол жай адам емес, оның денелік мәні емес, дамып
келе жатқан адамның рухани ішкі ӛмірі. Адам - табиғаттың
қайталанбас құбылысы. Мұғалім мамандығының тағы бір
ерекшілігі - оның балалармен әрдайым қатынаста болуы.
Педагогикалық еңбектің құралдары да ерекше. Ол бірнеше
компоненттерден құралады: еңбек (белгілі бір мақсатқа бағыттау
әрекеті ретнде); еңбек құралы; еңбектің пәні. Педагогикалық еңбек
жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: