302
практикалық
қолдану
кӛлеміне
тікелей
пропорционалды.
Оқушылардың ақыл-ой дамуы ӛзара байланысты білімдердің,
іскерліктердің, шығармашылық әрекеттің тәжірибесін меңгеру
кӛлеміне тікелей пропорционалды. Оқыту нәтижесі оқушылардың
үй тапсырмасын әрдайым және жүйелі
орындалуына, оқытудың
проблемділік деңгейіне, оқушыларды әлі келетін және мәнді оқу
проблемаларын шешуге қатыстырылу қарқынына тәуелді.
3.
Психологиялық
заңдылықтар.
Оқытудың
ӛнімділігі
оқушылардың оқу
іс-әрекетіне қызығушылығына, оқушылардың
оқу мүмкіншілігіне, тренировкалық жаттығулардың санына,
тренировканың
қарқынына,
оқушылардың
танымдық
белсенділігінің деңгейіне, оқушылардың
зейінінің деңгейіне және
тұрақтылығына, оқушылардың еңбек істеуге деген қабілеттілігіне
байланысты. Нақты оқу материалын меңгерудің нәтижесі
оқушылардың қабілетіне жекелеген ынтасына, оқушылардың
ойлауының деңгейіне, күшіне, қарқындылығына және ерекшелігіне,
еске сақтаудың даму деңгейіне тәуелді.
4. Кибернитикалық заңдылық. Оқыту тиімділігі кері
байланыстың жиілігіне және кӛлеміне, оқыту процесін басқару
сапасына тікелей пропорциональды болады. Білім сапасы
қадағалаудың тиімділігіне де байланысты болады.
5. Әлеуметтік заңдылықтар. Индивидтің
дамуы тікелей немесе
жанамалай қарым-қатынасқа түсетін басқа да индивидтердің
дамуымен шартталған. Оқытудың ӛнімділігі танымдық контактінің
кӛлеміне және қарқындылығына, «интеллектуалдық ортаның»
деңгейіне, ӛз-ӛздерін оқытудың қарқындылығына тәуелді.
6. Ұйымдастырушылық заңдылықтар. Оқытудың тиімділігі
мұғалімнің ұйымдастырушылық жұмысына, жұмыс істеу қабілетіне
тәуелді. Ақыл-ой шаршауы сезім
органдарының тежелеуіне
соқтырады: тӛрт сағат оқу сабағы анализаторлардың сезімдігін 2
есе кемітеді. Балалардың ақыл-ой жұмыс істеу қабілеті денсаулық
жағдайына, ақыл-ой іс-әрекетінің режиміне, жынысына, жасына,
жылдың
уақытына, апта күніне, тәулік уақытына тәуелді болады.
Балалардың ақыл-ой іс-әрекетінің белсенділігі оқу сабақтарының
кестесіне де тәуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: