20
алты жастағы барлық балалар үшін тегін ұйымдастыруы тиіс. Кішкентай
финдердің 75% мектепке дейінгі оқумен қамтылған.
Оларды жаңа білім және
білікке ойын әдістерінің көмегі арқылы оқытады. Бағдарлама 700 оқу сағатына
есептелінген. Алдыңғы орынды 1964 жылы Хельсинкиде ашылған Фин-орыс
мектебі алған. Жекеменшік фин-орыс бала-бақшасы мектеппен байланыста
жұмыс жасауда. Жұмыс жасау тілдері – фин және орыс тілдері. Жай
мектептерде алатын білімнен басқа, мұнда балаларды орыс тіліне және ресейлік
мәдениетті жақсы білуге оқытады. Оқушылардың 15% үшін орыс тілі ана тілі
болып саналады [14].
Әлемдегі білім беру жүйесі ең үздіктердің қатарындағы Финляндия елі
оқу-тәрбие үрдісінде қандай алдыңғы қатарлы ғылыми технологияларды
қолданады? Финлиядияның білім жүйесінің қысқаша тарихымен танысатын
болсақ, 2000 жылғы PISA зерттеулері қорытындысы бойынша Финляндия
білім жүйесі бірінші орынға ие болды. Бұл елдің білім беру жүйесіндегі
реформасына және оны бағалауына тоқсалсақ, дұрыс құралған реформа –
білімнің
табысты болуына, баланың қоғамға сай бейімделуіне ықпал етеді.
Елдің экономикалық дамуы, заманына сай мектептің бағалануы, білім
жүйесінің
дамуы
реформаның
негізгі
аспектілерімен
сипатталады.
Реформаның негізгі аспектілері оқу бағдарламасын қайта құру, реформаның
дидактикасы, мектепті және білім сапасын басқару. Білім жүйесі балабақшадан
басталады. Бүкіл қоғам болып баланың дамуына зиян келтірмей балабақшадан
мектепке көшіру жағдайын ойластырады. Негізгі мектеп бітірсе де емтихан
тапсырылмайды, дифференцалды сыныптар жоқ, бар сыныптар біркелкі.
Мектептен кейін бала бір-ақ рет матрикулляциондық емтихан тапсырады.
Мектептерінде оқушылардың әлеуметтік шығындарын мемлекет төлейді.
Финляндияда оқушыға сенім, мұғалімге сенім
және мектепке сенім деген
принциппен жұмыс істейді. Финляндияда әрбір мұғалім өзінің қоғаммен қалай
бағаланытынын біледі. Халықаралық зерттеулер нәтижесі бойынша біріншіден,
параллель оқытулардан бас тартып, бірыңғай мектепке көшулері білім сапасын
жоғарылатты. Екіншіден, жүргізілген білім саясаты мен педагогика өзгерістері,
білім жүйесін басқа елдермен салыстырғанда бірінші орынға шығарды. PISA
қорытындысын сараптасақ, жоғарғы сатыда математикадан, жаратылыстанудан
оқу сапасы жоғары. Реформаның негізгі принциптерінің бірі дамытуға
бағытталған білім берудің мазмұны мен құрылымының тең құқықтылығы,
қоғамда және тәрбиеде тең құқықтылықты дамыту. Барлық тұрғындардың
жалпы білім деңгейін көтеру, бір жылда туған балаларға ұзақ, жеткілікті
мерзімді (9 жыл) жалпы арнайы білімнің берілуін біркелкі ұйымдастыру.
Үздіксіз білім берудің қамтамасыз етілуі білім жүйесінің біртұтас барлық
тармақтарында келесі жоғары сатыға «үздіксіз білім» принципі бойынша
жылжу мүмкіндігіне негізделген. Оқушылардың
оқудағы қиындықтарды
барлық деңгейде жеңе білуі оқудағы проблемаларға ерекше көңіл аудартады.
Оқу материалдарында басты назар нақты мақсаттар мен оқу тапсырмаларына
бөлінеді. Мақсатқа жетуі қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы
қадағаланады. Қалыптастырушы бағалау материалды оқу кезінде қай бөлімінде
қиындық туындады, қандай оқушының оқуда проблемалары бар екенін
21
ажырата алуға көмектеседі. Оқудағы қиындықтың алдын алу дереу оқытуды
түзету арқылы іске асырылады, өзіне, өз күшіне сену, қабілеттеріне және оқуға
деген оңтайлы көзқарас табысқа деген ұмтылыспен іске асады. Мұғалім
мақсатына сай сабағын жоспарлап, әр мақсаттың маңызын түсініп оқушының
оқуы үшін іс –әрекетін алға жылжуын бақылай алады, оқу үрдісіне әр баланың
ерекшелігін ескере отырып түзетіп, ынталандыра отырып кері байланыс жасай
алады. Елде белгілі бір сыныпты бітіргенде баланың білім деңгейін тексерудің
бірыңғай жүйесі қарастырылмаған.
Арнайы таңдау экономикалық, аймақтық,
әлеуметтік және жыныстық критерийлер бойынша жүргізіледі. Осыған
қарамастан екі немесе үш есе көп мектептер сапаны ерікті бағалауға қатысады.
Жыл сайын математика, ана тілі және әдебиетті бағалау ауысып келіп отырады.
Бес жыл сайын әр пән бойынша сапа тексеріліп отырады. Мектептерге рейтинг
жасалмайды, әрбір мектептің сапасы жарияланбайды, өздеріне ғана айтылады.
Тек мектептердің орташа сапасы ғана жарияланады. Мектептерге сапаны
тексеру туралы нақты нұсқау беріледі, осыған орай әр мұғалім кері байланыс
береді. Оқыту қорытындысының мақсаты теңқұқылы білім принципіне
негізделген, оқу жетістігі біркелкіліке тең, мектептің негізгі сатысының
қорытынды кезеңінде барлығы бірдей жоғарғы
деңгейге жету керек деген
талап қойылады.
Финляндияның білім жүйесінің біздің елмен ұқсастығы – білім алудың
балабақшадан басталатындығы, оқушыға, мұғалімге және мектепке сенім деген
принциппен жұмыс істейтіндігі. Сонымен қатар, елдегі білім беру мазмұны
оқушының табысқа жетуіне бағытталған және олар бағалаудың әр түрлі
әдістерін пайдаланады. Бұл елдің мектептері статусқа бөлінбейді, барлық
балаға нәтижеге бағытталған білім мен тәрбие бірдей беріледі. Сингапур,
Жапон, Финлиядияның білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында жүргізілген
реформаларын зерттей келе елімізде білім жүйесін дамытуға байланысты
белгілі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
2009 жылғы PISA зерттеуі негізгі
мектеп оқушыларының оқудағы
функционалдық біліктерін бағалауға бағытталды, математикалық және
жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы төменірек дәрежеде бағаланды. Ал енді,
Достарыңызбен бөлісу: