Сабақ барысында оқушылар тақырыпқа байланысты жан-жақты ойланып, ізденді. Сандардық ұғымдарды ажырата алып, өз ойларын еркін жеткізе алды. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік мәні



Дата01.02.2023
өлшемі0,66 Mb.
#167067
түріСабақ
Байланысты:
Математика апталығы
НЬЮТОН ЗАҢДАРЫ, 2 5418198069646724068, Жұптық тапсырма, несие алу, Төтенше жағдайлар, дөңгелек үстел

Балқаш қаласы «Абай атындағы №2 мектеп лицейі»КММ
«Математика біздің айналамызда» математикалық сауаттылық апталығының жұмысы бойынша ақпар.

23.01-27.01. күндері аралығында Абай атындағы №2 мектеп лицейінде Қарағанды облысы оқу- әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Математика біздің айналамызда» математикалық сауаттылық апталығы жүргізілді. Апталықтың жоспары құрылып, бекітілді. Апталықтың әр күнінде белігілі бағыттар бойынша іс- шаралар жүргізілді.


Алғашқы күні "Математика біздің айналамызда" атты математикалық сауаттылық апталығында 9 Б сыныбында "Математика менің болашақ кәсібімде" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатында оқушылар математиканың әр мамандықтағы маңызы бойынша топқа бөлініп, қызықты ақпараттармен бөлісті. "Математика құрылыста", "Математика дәрігерде" "Математика экономикада" топтары тапсырмалар орындап, өмірдегі математиканың алатын орнын мазмұнды ашты. Сынып сағатын ұйымдастырған Станова С.Р. «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де 2 Б сынып жетекшісі Жүнісбек Ә.Д. «Қазақтың киелі сандарының құпиясы» атты сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға қазақ халқындағы киелі сандар жайында сипаттама беруге, сандардың өмірдегі маңыздылығы туралы айта білуге, ойларымен бөлісуге мүмкіндік жасау.
Сабақ барысында оқушылар тақырыпқа байланысты жан-жақты ойланып, ізденді. Сандардық ұғымдарды ажырата алып, өз ойларын еркін жеткізе алды. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік мәні, қасиеті болғандығы жайлы ақпарат оқушыларға қызықты болды.
"Математика біздің айналамызда" атты математикалық сауаттылық апталық жоспары бойынша 8 сыныптарда "Көңілді математиктер клубы" танымдық ойыны өтті. Ойын барысында оқушылар формула, есептер, қағидалар алаңы бойынша білім сайысына түсті. Іс шараны математика пәні мұғалімі Әлжан Б.Т жүргізді. Математикалық сауаттылық апталығында. 3 А сыныбында "Мен математикамен доспын" атты оқушылар шығармашылығының байқауы өтті. Оқушылар өздері құрастырған математикалық қызықты ребустары мен сөзжұмбақтарын, түрлі есептерін көрсетті. Топқа бөлініп математикалық жаттығулар шешіп, танымдық дағдыларын дамытты. Іс шараны М.К.Казбаева жүргізді. "Математика біздің айналамызда" атты математикалық сауаттылық апталық жоспары бойынша 2-сыныптарда "Математикалық фигуралар сыры" тақырыбында танымдық сағаты өткізілді. Танымдық сағаты барысында оқушылардың геометриялық фигуралар жайлы білімін кеңейту, қоршаған ортадағы оларға ұқсас заттардың бар екеніне көңіл аударту. Оқушылар геометриялық фигуралар әлеміне саяхаттай отырып функционалды сауаттылвқты дамыту тапсырмаларын орындады. Танымдық сабақты Тлеукулова Қ.А.жүргізді.
Математикалық сауаттылық апталығының жоспарына сай Абай атындағы №2 мектеп лицейінде 7-8 сыныптар арасында " Ғажайып математика әлемі" атты қабырға газетінің байқауы ұйымдастырылды. Сынып оқушылары өздерінің математика пәніне деген қызығушылықтарын шығармышылық жұмыстары арқылы көрсете білді. Қабырға газеттері математика ғалымдарына, математикалық қызықты қағидаларына арналды. Мазмұнды, эстетикалық талғаммен шығарылған жұмыстар 8Б, 8В, 7Б, 7А, 7В сыныптарды атап өтілді. Нургалиев Д өзінің жеке шығармышылық жұмсын көрсетті. Оқушылардың шығармашылық жұмысын Қордабай Е.С. ұйымдастырды. 2ғ.01.2023 ж. күні директордың БІЖО Ж.А.Шармуханбетова мен ҚарУ-нің «Математикалық талдау және дифференциалдық теңдеулер» кафедрасының меңгерушісі, математика және ақпараттық технология факультетінің PhD докторанты Танин А.О. ұйымдастыруымен "Математика біздің айналамызда" атты математикалық сауаттылықты дамыту апталығы аясында 10-11 сынып оқушыларының арасында математика пәнін таңдап отырған оқушылармен ҚарУ-нің математика және ақпараттық технология факультетінің студенттерімен кезедсу өтті. Кездесу мақсаты: ЖОО-да және мектептегі математика пәнінің берілу жағдайын салыстыру. Кездесу барысында оқушыларға ЖОО-да математика бағдарламасының өтілу барысы, математика пәнін таңдап отырған оқушыларға бағыт-бағдар берілді.









Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет