28
қабілеттілігі.
Басқаша айтқанда, оқушының математикалық құзыреттілігі,
күнделікті өмірде пайда болатын мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-
дәл қолдануға мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламаларында математикалық құзыреттілік деңгейін сипаттау
үшін, пайдалануға қабылданған оқушылардың дайындық деңгейіні қойылатын
келесі талаптар тұжырымдалған: «Алған білімдері мен біліктіктерін
тәжірибелік іс-әрекет пен күнделікті өмірде:
–
қажет болған жағдайда анықтамалық материалдарды және қарапайым
есептеуіш құрылғыларды пайдаланып, дәрежесі,
радикалы, логарифмі және
тригонометриялық функциялары бар формулаларды қоса алғанда, формулалар
бойынша тәжірибелік есептеулер;
–
ең қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу;
–
нақты байланыстарды функцияның көмегімен суреттеу және зерттеу,
оларды график түрінде беру;
–
нақты үдерістерді графиктерін түсіндіру;
–
геометриялық, физикалық, экономикалық
және басқа да қолданбала
есептерді, оның ішінде математикалық анализ аппараты қолданылатын ең үлкен
және ең кіші мәндерге арналған есептерді шешу;
–
диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды талдау
түрінде берілген нақты сандық мәліметтерді талдау;
–
оқып игерілген формулалар мен фигуралар қасиеттері негізінде
қарапайым тәжірибелік жағдайларды зерттеу (моделдеу); қажет болған
жағдайда анықтамалықты және есептеуіш құрылғыны пайдаланып, тәжірибелік
есептерді шешу кезінде нақты
объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және
көлемдерін есептеу үшін пайдалану».
Оларды шешу үшін, математиканы оқытуда қалыптасатын білім мен
біліктікті қажет ететін күнделікті өмірде пайда болатын жағдайларды талдау. Ол
үшін қажетті пәндік біліктік тізімі көп емес екенін көрсетеді:
–
есептеу үшін белгілі формулаларды пайдаланып амалдардың
нәтижелерін дөңгелектеуді және бағалауды (шамалауды) қоса алғанда есептеу
жүргізе білу;
–
әр түрлі формада берілген (кесте, диаграмма, графиктер, схема және т.б.)
ақпаратты алу және түсіндіре білу;
–
қарапайым нақты құбылыстар мен үдерістерді сипаттау үшін статистика
және ықтималдық элементтерін біліп қолдана білуі;
–
практикалық мазмұнды есептерді шешу кезінде нақты объектілердің
ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептей білуі;
–
халықаралық деңгейде оқушылардың құзыреттілігін тексеру үшін,
есептердің екі типі – таза математикалық және мәнмәтіндік (тәжірибелік-
бағдарлық) пайдаланылады.
–
есепті шешуде математиканы пайдалану үшін, мәнмәтіні шынайы
шарттарды
қамтамасыз ететін, оның шешуне және түсіндіруіне әсер ететін
есептер, мәнмәтінді есептерге жатады;
–
мұндай типті есептерді шешу кезінде ауырлық орталығы, нақты
жағдайдың моделін жасау аймағында жатады. Моделді жасау математикалық