Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Сюжеттік-рөлдік ойындардың құрылымы. Құрылымдық



Pdf көрінісі
бет125/187
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#82391
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   187
8.3 Сюжеттік-рөлдік ойындардың құрылымы. Құрылымдық 
элементтердің сипаты
Ойын – бала іс-әрекетінің түрі. Кез келген іс-әрекет сияқты ойынның 
құрылымы бар. Оған іс-әрекет құрылымының барлық компоненттері 
тән: мотив, мақсат, жоспарлау, орындау құралдары, ойын амалдары, 
нәтиже. Сюжеттік-рөлдік ойындар шығармашылдық бола тұрып, өз 
ерекшелігін құрылымдық компонентерге жүктейді.
Т. А. Куликова сюжеттік-рөлдік ойында мынадай құрылымдық 
компоненттерді анықтайды:
сюжет, мазмұн, рөлдер, ойын амалдары.


136
Ойын сюжеті баланың өмірдегі қарым-қатынастарының және 
айналасындағылардың іс-әрекетіндегі белгілі бір амалдардың, 
оқиғалардың бейнесі. Ойын сюжеттері әртүрлі: тұрмыстық ойындар 
- жанұя, балабақша; адамдардың кәсіби еңбегін көрсететін өндірістік
ойындар; аурухана, дүкен ойнау және т.б., қала күнін мерекелеуге 
арналған қоғамдық ойындар және т.с.с.
Сюжетті орындаудың негізгі құралдарының бірі ойын амалдары. В. 
И. Логинова, П. Г. Саморукова ойын амалдарының екі түрін атайды: 
оперативтік және бейнелеу – «солай сияқты».
Педагогтар мен психологтардың (Д. В. Менджерицкая, П. Г. 
Саморукова, Д. Б. Эльконин) көптеген зерттеулері сюжеттік-рөлдік 
ойындардың негізгі мазмұны үлкендердің әртүрлі жағдайда көрініс 
беретін қоғамдық өмірі: адамдардың заттарға амалы мен қатынастары, 
олардың еңбектерінің мазмұны, адамдардың тұрмыстағы, еңбектегі 
және т.б. қарым-қатынастары деп көрсетті.
Рөл - сюжеттік-рөлдік ойынның негізгі діңгегі болып табыла-
ды. Ойында рөлдің болуы бала санасында өзін қандай да бір адаммен 
теңестіреді де, ойында соның атынан әрекет жасайды, соған сәйкес 
қажетті заттарды пайдаланып, басқа ойыншылармен түрлі қарым-
қатынасқа түседі. 
Ойындағы рөлді дамыту проблемаларымен Д. Б. Эльконин 
шұғылданды. Зерттеулер негізінде ол ойында бала өзіне алған рөлді 
орындау ең басты деген қорытындыға келді. Даму барысында бала 
өзінің рөлін түсінеді, өзінің немесе жолдастарының ойнаған рөліне
сыни көзбен қарайды немесе рөлдердің мазмұны өзгереді – амалдарды 
бейнелеуден адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге ауыса-
ды.
В. И. Ядэшко, В. В. Сохин сюжеттік-рөлдік ойынның тағы да екі 
компонентін көрсетеді: ойынның түпкі ойы, ережелер.
Ойынның түпкі ойы – бұл балалар нені және қалай ойнайтындығын 
анықтау: дүкенді ме, балабақшаны ма және т.б.
Ойын процесіндегі ережелерді балалар өздері қояды, ал кейбір 
ойындарда - үлкендер, олар ойнаушылардың тәртібі мен өзара қарым-
қатынасын анықтайды және реттейді. Олар ойынға ұйымшылдықты, 
беріктікті тілейді, мазмұнын бекітеді және ары қарай дамуын, қарым-
қатынас пен өзара қарым-қатынастың күрделіленуін анықтайды.
Проблема бойынша түрлі әдебиеттерге талдау жасау сюжеттік-
рөлдік ойындардың мынадай құрылымдық компоненттерін анықтауға 
мүмкіндік берді: ойынның түпкі ойы, сюжеті, мазмұны, ролдер, ойын 


137
амалдары, ережелері. Бұл компоненттер, балалардың үлкендермен 
біріккен іс-әрекетінде мектепке дейінгі балалық шақтың барлық 
кезеңдерінде балалар өмірінде маңызды орын алатын көптеген 
сюжеттік-рөлдік ойындарда кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет