Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет127/187
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#82391
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   187
Бірінші деңгей. 
Мазмұнды ойындар – бірге ойнаушыға бағытталған 
заттармен амалдар жасау.
Рөлдер бар, бірақ олар амалдарды анықтамайды, амалдардың 
сипатымен анықталады. Ережеге сай рөлдер айтылмайды.
Амалдар біртекті және бірнеше қайталанатын операциялардан 


138
тұрады. Ойын амалдар жағынан тек қоректендіру актілерімен шектеулі, 
олар логикалық тұрғыда өзінің алдындағы амалдармен болғандағыдай, 
өзінен кейінгі амалдарға жете алмайды.
Екінші деңгей.
Ойынның мазмұны – заттар арқылы амалдарды 
орындау, бірақ ойын амалдарының шынайылыққа сәйкес болуы бірінші 
кезекте тұрады.
Рөлдерді балалар атайды. Функциялар бөлінеді. Рөлдерді орындау 
онымен байланысты амалдарды орындауға әкеледі.
Амалдарды орындау сапасы кеңейеді және амалдардың белгілі бір 
типінің шеңберінен шығады. Амалдар логикасы өмірдегі ретпен, яғни 
нақты шындық ретімен анықталады.
Үшінші деңгей. 
Рөлдің негізгі мазмұны рөлді және содан туындай-
тын амалдарды орындау болады, олардың ішінен басқа ойыншылармен 
қарым-қатынас сипатын беретін арнайы амалдар бөлініп шыға бастай-
ды.
Рөлдер айқын кезекке қойылған және анықталған. Балалар 
өздерінің рөлдерін ойын басталғанға дейін атайды және іс-қимылын 
бағыттайды. Амалдардың логикасы мен сипаты өзіне алған роліне
қарай анықталады.
Амалдар әртүрлі болады. Өзінің және жолдасының ойындағы 
роліне байланысты жолдасына қаратып рөлдік сөз сөйлеу, бірақ кейде 
кәдімгі ойыннан тыс қарым-қатынас та үзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет