8.4 Сюжеттік-рөлдік ойындарды дамытудың кезеңдері мен деңгейлері Сюжеттік-рөлдік ойындар бала іс-әрекетінде бірден пайда бол-
майды. Ол дамудың кезеңдерінен өтеді. Ойынды даму кезеңдерінде
қарастырайық.
Т. А. Куликова ойын әрекетінің дамуын мынадай кезеңдерге бөледі,
олар, оның ойынша, сюжеттік-рөлдік ойындардың алғышарттары бо-
лады.
Бірінші кезең – таныстыру ойыны. Оның мазмұнын заттардың
қасиеттері мен сапасын тексере отырып, баланың үлкендермен бірге
жасаған амал-манипуляция құрайды.
Ойын әрекетінің дамуының
екінші кезеңінде бейнелеу ойындары
пайда болады, онда баланың іс-қымылы заттың ерекше қасиеттерін
анықтауға және оның көмегімен белгілі бір эффектіге қол жеткізуге
бағытталады. Бұл кезеңде бала назары ойыншықтардың қасиеттеріне
ауады және оны соларға сәйкес әрекет жасауға үйретеді: шарикті до-
малату, ұсақ ойыншықтарды қорапшаға салу; заттарды пішініне,
физикалық қасиеттеріне қарай бөлуге үйретеді. Сюжеттік-рөлдік ойын-
дарды қалыптастыру үшін баланы амалдарды қорытуға, яғни үйренген
амалдарын бір заттан екінші затқа көшіруді үйрету маңызды.
Үшінші кезең – сюжеттік-бейнелеу ойыны. Ойынды дамытудың
бұл кезеңі бірішінің аяғына – өмірінің екінші жылының басына келеді.
Балалар күнделікті өмірден алған әсерін белсенді түрде бейнелей ба-
стайды (қуыршақты әлдилейді, қонжықты тамақтандырады және т.с.с.).
3-7 жастағы балалардың сюжеттік-рөлдік ойындарын терең зерт-
теу негізінде Д. Б. Эльконин ойынды дамытудың төрт деңгейін бөліп
көрсетіп, оларға сипаттама берді, оның пікірінше, бұлар даму сатылары
да болады.