Педагогикалық ғылымдар жүйесі Мектеп педагогикасы түрлі оқу мекемелерінде (бастауыш және
орта мектепте, лицейде, гимназияда және т.б.) оқушыларды тәрбиелеу
мен оқытудың заңдылықтары туралы бай ғылыми мағлұматтар
жинақтаған педагогика ғылымының ең ерте салаларының бірі болып
табылады.
Кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы жоғары
білікті жұмысшыларды даярлауды қарастырады.
Орта арнайы білім беру педагогикасы қалыптасу және даму
сатысында. Ол білім берудің мазмұны мен түрлерін және арнайы орта
оқу орындарында кәсіби тәрбиелеу проблемаларын қарастырады.