Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет19/187
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#82391
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   187
Дербес әдістеме 
педагогикалық ғылымдардың ерекше тобын 
құрайды, ол білімнің нақты саласын (мектептегі оқу пәндерін) оқытудың 
заңдылықтары мен ерекшеліктерін қарастырады.
Өмірге қоғам талабына сәйкес соңғы кезде педагогиканың отбасы 
педагогикасы, этнопедагогика, өндірістік педагогика, әлеуметтік 
педагогика және т.б. салалары пайда болды.
Педагогика, басқа ғылымдар сияқты, басқа ғылымдармен, әсіресе 
адамзаттық ғылымдармен өзара тығыз байланыста дамиды.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, педагогика философияның негізінде 
жетілді, содан тармақталып бөлініп шықты. Педагогика өзалдына 
дербес ғылым бола отырып, 
философиямен
, оның салаларымен 
байланысты үзбейді. Қандай да бір философиялық тұжырымдамалар 
кез келген педагогикалық теорияның негізінде жатады. Философиялық 
ғылымдармен байланыс педагогикаға тәрбиелеу мақсаттарын 
анықтауда, адамның мәнін, табиғат пен қоғамның даму заңдарын және 
т.с.с.-ды түсінуге көмектеседі. Педагогика философияның адамгершілік 
эстетикалық тәрбие проблемаларын шешуге ықпал ететін этика, 
эстетика сияқты салаларымен тікелей байланысты.
Әлеуметтану деректері – заманауи қоғамның жағдайы туралы 
философиялық білімнің тағы да бір саласы – педагогикаға оқыту 
мен тәрбиелеудің «көкейтесті» проблемаларды ғылыми тұрғыдан 
зерттеуді орталықтандыру үшін қажет. Мысалы, әлеуметтанушылар 
облыста, қалада, ауылда және т.с.с. балалардың мектепке дейінгі 
қоғамдық тәрбиеге жеткілікті дәрежеде қамтылмағандықтары жөнінде 
ақпараттар берді. Соның салдары ретінде, балалардың мектепте 
оқуға дайындығының төмен екендігі анықталды. Педагогтың алдына: 
мектепке дейінгі мекемеге бармайтын балалардың даму деңгейін қалай 
2–7463


18
көтеру керек деген проблема туды. Үйде тәрбиеленетін балалардың 
жанұясына түрлі көмек түрлері қарастырылды; халыққа қосымша 
көмек аясы дамытылды; мектептердің жанында мектепалды топтар 
ашылды және т.с.с.
Педагогика адам психикасының даму заңдылықтарын зерттейтін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет