психопедагогиканың, педагогикалық психологияның тууына алып
келді
. Анатомия и физиология – адамның биологиялық мәнін,
әрбір жас ерекшелік кезеңіндегі организмнің даму ерекшеліктерін
түсіну үшін негіз болады. Жоғары жүйке әрекеті туралы ғылыми
білімді педагогика балалардың физикалық және психикалық дамуын
басқарудың заңдылықтарын зерттеу үшін пайдаланады. Сол білім
бала өмірін реттеуде, түрлі іс-шараларды ұйымдастыруда, білім беру
мекемелерінде, әсіресе ерте және мектепке дейінгі жастағы балалар
үшін пәндік-материалдық ортаны құру принциптерін зертеуде негіз
болады.
Бүгінгі күні балалардың денсаулығы ойдағыдай емес (әлеуметтік
зерттеулер нәтижелері бойынша), бұл педагогикадан