зерттеу әдістері. Бұл әдістердің көмегімен педагогикалық
практиканы оқып-үйрену және қорыту, өз бетімен ғылыми зерттеулер
жүргізу жүзеге асырылады. Оларға: әдебиетті оқу және талдау, экспе-
римент, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, интервью, байқау, тәуелсіз
мінездемелер беру, педагогикалық құжаттарды, балалардың іс-әрекет
нәтижелерін талдау және т.б. жатады. Бұл мәселені толығымен алды-
мызда арнайы тақырыпта қарастырамыз.
Ғылымның пәнін айқындап, мектепке дейінгі педагогиканың негізгі
санаттарын анықтағаннан кейін оның функциялары мен міндеттерін
ашуға көшеміз.