Білім беру бағдарламаларын құру тәсілдері Сызықтық тәсіл – мұнда оқу материалының жекелеген бөліктері
өзара тығыз байланысқан буындардың үздіксіз тізбегін құрайды. Оның
үстіне жаңасы бұрыннан белгілінің негізінде құрылады. Материалдың
мазмұны оқыту кезеңінде бір рет жасалады. Кәсіптік білім беру
бағдарламалардың көбісі осы тәсілдің негізінде құрылған.
Бағдарламаны құрудың
концентрлік тәсілі бір материалды бірнеше
рет қарастыруды көздейді, бірақ білім мазмұнын басқа тұрғыда меңгеру
үшін оны жаңа компоненттермен толықтыру арқылы күрделендіру,
кеңейту, тереңдету элементтері енгізіледі. Бұл - балалар бақшасында
жылдан-жылға білім деңгейін көтеру үшін педагог өткен материалды
қайталаған жағдайда мектепке дейін білім беру жүйесіне тән тәсіл.
Аралас тәсіл бірінші және екінші тәсілдердің белгілерін біріктіреді.
Мұндай тәсіл материалдың әр бөлігін әртүрлі әдіспен түсіндіруге
мүмкіндік береді.
Білім беру бағдарламасының, басқа құбылыстар тәрізді, өзінің
айқын белгіленген құрылымы болады, ол мамандардың жұмысының
қажетті жақтарының барлығын сәйкестендіреді.