Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Білім беру бағдарламасына қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет83/187
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#82391
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   187
Білім беру бағдарламасына қойылатын талаптар 
Бағдарлама білім беру мазмұнын көрсету керек және ҚР «Білім 
туралы» Заңына сәйкес болуы керек. Ол мектепке дейін білім беру 
мекемелері туралы жаңа Типтік ережеге бейімделген болуы керек.
Білім мазмұнын құрғанда білім берудің зайырлы сипаттағы 
принциптері сақталуы тиіс (діни бағыттағы білім беру мекемелері үшін 
арнайы мамандандырылған бағдарламалардан басқа).
Бағдарламалар жалпы адами мәдениетке ғана емес, сонымен 
бірге қазақстандық мәдени дәстүрлерге қарай, алынған мазмұнды иге-
ру процесінде тұлғалық-бағдарлық өзара ықпалдастық принципінде 
құрылуы керек. 
Бағдарламалар баланың қабілеттерін, танымдық қызығушы-лығын 
дамытуға, үлкендермен және құрбылырымен араласу білігін және 
шығармашылық қабілетін қалыптастыруға бағытталуы тиіс, яғни ба-
ланы оқытудың, тәрбиелеудің, дамытудың міндеттерін шешу кешенді 
түрде қарастырылуы керек. 
Әрбір бағдарлама мектепке дейінгі мекемеде балалар өмірін 
ұйымдастырудың түрлерін қарастыруы тиіс және педагогикалық проце-
ске қатысушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған 
болуы қажет.
Бағдарлама балалардың іс-әрекетінің алуан түрлерін олардың жас 
ерекшелік мүмкіндіктерін ескере отырып үйлестіруі тиіс және баланың 
күні бойғы оңтайлы жүктемесін, күн тәртібін ескеру керек.


81
Бағдарлама балалар мен үлкендердің өзара әрекетінің ұжымдық, 
топтық, жеке түрлерін қарастыруы керек.
Бағдарламада оны толыққанды жүзеге асыру үшін қажетті дамыту-
шы орта көрсетілуі керек.
Бағдарламаның мәтінінде мектепке дейін білім берудің мақсаттары 
мен мазмұны толық ашып көрсетілуі керек, нақты (жалпы сөз болма-
уы), тиісті және инструменталды (педагогтардың жұмысының орында-
лу ретін жазу, балаларды оқыту мен тәрбиелеудің түрлерін, әдістерін, 
құралдарын ашып көрсету) болуы тиіс.
Бағдарламада тәрбие мен білім берудің барлық бөлімдері бойынша 
әрбір жас кезеңінде алынатын нәтижелер көрсетілуі керек.
Бағдарламалар (кешенді болсын, парциалдық болсын) әртүрлі 
тәсілдермен құрылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет