Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Мектепке дейін білім берудің мазмұнын реттейтін нормативтік



Pdf көрінісі
бет79/187
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#82391
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   187
5.2 Мектепке дейін білім берудің мазмұнын реттейтін нормативтік 
құжаттар
Жалпы педагогика курсынан еске түсірейік, білім беру мазмұнын
қандай нормативтік құжаттар реттейді (ҚР МЖБМБС, оқу жоспарлары, 
білім беру бағдарламалары).
Мектепке дейін білім беру мазмұнын реттейтін құжаттар:
• 
мектеп жасына дейінгі балаларға білім берудің мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім стандарты, ол мектеп жасына дейінгі балалар-
да оқыту және тәрбиелеудің мазмұны мен әдістеріне, балалардың даму 
ортасына, педагогикалық өзара ықпалдастық сипаттарына қойылатын 
талаптарды көрсетеді;
• 
ерте жастағы және мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту 
мен тәрбиелеудің бағдарламалары;
• 
оқу және әдістемелік материалдар, ұсыныстар, құралдар, 
басшылыққа алынатын жетекші материалдар.
Бұл құжаттардың арасында белгілі бір өзара тәуелділік бар. Білім 
мазмұнын құрастырғанда жетекші орын МЖБМБС-на беріледі, соның 
негізінде талаптар құрылып білім беру бағдаламалары жасалады. Әр 
құжатқа толығырақ тоқталайық.
Мектепке дейін білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім 
стандарты.
Мемлекеттік стандарт
- бұл заңды түрде белгіленген білімділік 
нормасы. Ол негізгі білім беру бағдарламаларының мазмұнының 
міндетті минимумын, білімгерлер жүктемесінің ең жоғары көлемін, 
бітірушілерді дайындау деңгейіне талаптарды анықтайды.
Мектепке дейін білім берудің мемлекеттік стандарты мектеп жа-
сына дейінгі әрбір балаға мектепке дейінгі мекемеге барған жағдайда 
заңды түрде белгіленген кепілді білімділік нормасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет