Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


құрылымының білім беру мазмұнына



Pdf көрінісі
бет75/187
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#82391
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   187
құрылымының білім беру мазмұнына
сәйкестігі, олардың айырмашылығы, туралы қорытынды жасай келе, 
яғни білім беру мазмұнының теориялық негіздерін қарастыра оты-
рып, мектепке дейін білім беру мазмұнын, оның өзіндік ерекшеліктерін 
неғұрлым жан-жақты оқып үйренуге назар аударамыз.
Мектепке дейінгі мекеме базасында мектепке дейінгі білім беру 
мазмұнын беру және балалардың оны меңгеруі жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі мекемедегі білім беру мазмұнының құрылымы 
жоғарыда қарастырылған білім беру мазмұнына сәйкес келе ме?
Мектепке дейінгі мекемедегі білім беру мазмұнында да сол эле-
менттер қарастырылады. Мектепке дейінгі мекемедегі білім беру 
мазмұнының элементтерін, оның өзіндік ерекшеліктерін қарастырайық.
Білім – 
білім беру мазмұнының негізгі компоненті. Жинақталған 
білім көп, оны білім берудің әрбір сатысына тиісті қолданатындай 
етіп педагогикалық бейімдеу қажет (оның ішінде мектепке дейін білім 
беруді). Жинақталған білім әрқашан нақты практиканың алдында бола-
ды, сондықтан білім – мектепке дейінгі білім берудің бірінші элементі 
болады.
Білімнің әр түрі болады, олардың барлығы бірдей мектепке дейінгі 
білім беру жүйесіне ене бермейді. Білім мынадай болып бөлінеді:
 
ары қарай мектепте оқу үшін база бола алатындай негізгі 
ұғымдар мен терминдер;
 
айналасындағыларды байқау, заттармен жұмыс істеу, іс-
әрекеттің әр түрі, қорытындылар жасау арқылы жинақталатын фактілер;
 
заңдар, теориялар, тұжырымдамалар (мектепке дейінгі білім 
беру мазмұнында жоқтың қасы);
 
іс-әрекет тәсілдері және таным туралы білім, балаларға іс-
әрекеттің негізгі түрлерін жүзеге асыру тәсілдері – қозғалыс, көркем 
өнер, еңбек, ойын, сөз сөйлеу, коммуникативтік тәсілдер жөнінде білім 
беріледі;
 
қоғамдағы қарым-қатынас нормалары туралы білім беру, 


72
балалардағы қарым-қатынас нормалары, өзін ұстау және қарым-
қатынас жасау ережелері жөнінде білім алады;
 
бағалаушылық білімі, балалар жақсы деген не және жаман 
деген не екендігін, өзін, іс-әрекетін және тәртібін, басқа адамдардың 
істері мен қылықтарын бағалау туралы білетін болады.
Мектепке дейінгі бала білімнің қандай түрлерін меңгереді?
Мектепке дейінгі мекемеде теория, заңдар, тұжырымдамалардан 
басқа білімнің барлық түрі беріледі. Балалардың тікелей байқау арқылы 
алған табиғат заңдарының орны бөлек (уақыттың өтуі, жыл мезгілдері, 
олардың заңдылықпен ауысуы). Бұл білімдер өзара байланысты, олар-
ды кешенді түрде үйрету қажет.
Сонымен, мектепке дейін білім беру жүйесіндегі білім 
айналасындағылар, өзі және басқалар жөнінде балалардың түсінік 
жүйесін қалыптастырады. Олар балалардың ары қарай оқуы үшін 
іргетас және тұлғаны дамыту құралы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет