Іс-әрекет тәсілдері арқылы тәжірибені жүзеге асыру Іс-әрекет тәсілдері туралы білім оны іс жүзіне асыру үшін
жеткіліксіз. Іс-әрекет тәсілдерін іс жүзіне асыру үшін тұлғаның нақты
тәжірибесі қажет. Бұл тәжірибенің негізін практикалық сипатта да, ин-
теллектуалды сипатта да бола алатын білік пен дағды құрайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың осындай білігі мен дағдыларына
мысал келтіріңіздер.
Білік пен білімді жалпы және арнайы деп бөледі. Жалпыға өмірдегі
іс-әрекеттің кез келген ситуацияларына қажетті білік жатады: сөз сөйлеу
дағдылары, дағдылар және адамгершілік істерінің дағдылары, оқи білу,
айтып беру, сұрақтар беру және оларға жауап беру, жүру, жүгіру және
т.с.с. арнайы білік пен дағдыға іс-әрекеттің нақты түрлеріндегі білік жа-
тады: музыкалық, сурет салу, конструктивтік және т.б.
Біліктің дамығандығын бағалау мынадай критерийлердің негізінде
жүзеге асады: шапшаңдық, автоматизм, назар қою жылдамдығы, амал-
ды орындауға берілген уақыт, артық қимылдардың болуы немесе бол-
мауы, білім мен дағдыларды практикалык істе қолдану білігі.