Бағдарламасы бойынша ортаңғы топ (4-5 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет12/60
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#82539
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60
Байланысты:
4 Құрастыру

2. Негізгі кезең. 
Педагог жұмыс ретін балаларға түсіндіреді: 
– Қанқызды жасау үшін бөтелкенің қақпақтары керек болады. 
Пішіндері домалақ қақпақты аламыз, оның үстіне түрлі түсті 
бояумен дене бөліктерін жасаймыз: қанаты, басы, көзі т.б. Үлкен 
қақпақ – қанқыздың денесі, ал басын ермексаздан жасаймыз. 
Ермексазды пайдалана отырып басы мен денесін біріктіріп, 
ермексаздан аяғын жасаймыз. Қара түсті гуашь бояумен ортасынан 
түзу сызық сызып, оны сәл толықтырып қанаттарын жасап, қара 
дақтар түсіреміз. Қанқыз дайын болған соң оны орналастыратын 
жерге әртүрлі ұсақ тастарды пайдаланып, жасыл түсті қағаздан 
шөптерді қиып жапсырамыз.
Қанқызды ұсақ «малта тастардан» жасап, оны қызыл гуашьпен 
бояп, қара түсті бояумен дене бөліктерін жасауға да болады. 
Педагог құрастыру барысында билингвальді компонент бойынша 
«қанқыз – божья коровка, жәндіктер – насекомые» деген сөздерді 
бекітеді.
Сергіту сәті.
Ал, балалар, тұрайық, 
Мойнымызды бұрайық. 
Қолымызды созайық, 
Жел сияқты қалықтап, 
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп, 
Біз тынығып алайық. 
Балалар қақпақты бояп дене мүшелерін жасайды және шөптерді 
қиып жапсырады. Ұсақ тастарды қағаз бетіне дұрыс орналастырып, 
көрініс береді. Тастарды бояйды. Педагог жеке жұмыс жүргізеді. 
3. Рефлексия.
Балалар жұмыстарын қарап, қанқыздың дене бөліктерінің дұрыс 
жасалғанын қадағалайды, тастарды қалай бояғанына мән береді 
және оны қалай орналастырғанын атап өтеді, жақсы жасалған 
жұмыстарды мадақтайды. Балалар өздері жасаған жұмыстарын 
салыстырып, жақсы жұмысты таңдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет