№ 2 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары:
таным, коммуникация.
Бөлімі:
құрастыру.
Тақырыбы:
Кітапша.
Мақсаты:
қағаздан құрастыруға үйрету, қағаздың тікбұрышты
парағын жартысынан бүктеп бұрыштарды және тараптарды
біріктіру, бөліктің негізгі түріне желімдеу.
Міндеттері:
-
қағазды қос бүктеу арқылы кітапша жасай білуді үйрету;
-
заттарды атай алу және олардың өлшемін, түсін, пішінін ажырату;
-
қағаздан көлемді пішіндерді жасай алуға дағдыландыру;
-ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:
қағазды қос бүктеу арқылы кітапша жасауды
үйренеді;
түсінеді:
заттарды атайды және ажыратады, олардың өлшемін,
түсін, пішінін, жасалған материалын анықтайды;
қолданады:
қағаздан көлемді пішіндерді жасауға дағдыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |