Бағдарламасы бойынша ортаңғы топ (4-5 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет7/60
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#82539
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60
Байланысты:
4 Құрастыру

2.
 
Негізгі кезең. 
Үлгіні талдау жасайды. Бір қабатты және көп қабатты үйлерді 
салыстырып қарайды, ерекшеліктерін айтады. Үйді құрастырудың 
орындалу ретін қайталап сұрайды және балалар үй құрастыруға 
кіріседі.
Педагог құрастыру барысында билингвальді компонент 
бойынша «көп қабатты үйлер – многоэтажные дома» сөздерін
нақтылап, қайталайды.
Сергіту сәті.
Бір саусағым тіпті де, 
Ұстай алмас жіпті де. 
Екі саусақ бірікті, 
Ине қолға ілікті. 
Үш саусағым орамды 
Жүгіртеді қаламды. 
Өнерлі екен он саусақ, 
Қала салсақ, жол салсақ. 
Сөздік жұмыс: 
пластиналар, үйдің іргетасы, қолтырауын, 
Қалқанқұлақ. 
Билингвальді компонент:
көп қабатты үйлер – многоэтажные 
дома. 
Балалардың өз бетінше құрастыру іс-әрекеті. Әр бала өздеріне тиісті 
жұмыстарын үстел үстінде немесе жердегі төсеніш үстінде 
орындайды. Педагог бақылау мен басшылық жасайды, жеке 
нұсқаулар беріледі.
 
«Тұрғындарды үйге орналастырамыз» дидактикалық ойыны. 
Балалар үйлердің әрбір бөлмесіне аңдарды және олардың достарын 
орналастырады. 
Генамен 
Қалқанқұлақ 
балаларға 
өз 
ризашылықтарын білдіріп, өлеңдер оқып, жаңылтпаштар айтады: 


19 
Қабат-қабат үй салдық, 
Үйлер толы күй сандық. 
Күйсандықтан үй салдық, 
Күй сандыққа күй салдық. 
Үйдің айналасын талдармен, ұсақ ойыншықтармен безендіру. 
3. Рефлексия.
Балалар жұмысын талдау. Балалардың жасаған жұмыстары 
мадақталады, қонақтар өз ризашылықтарын білдіріп, олармен 
қоштасып, шығарып салады. Өздері жасаған құрылыстары жайында 
әңгімелейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет