Бағдарламасы бойынша ортаңғы топ (4-5 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет6/60
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#82539
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
4 Құрастыру

 
Күтілетін нәтижелер
жасайды: 
үлгі бойынша құрылыс материалдарынан көп қабатты 
үйді құрастыруды; 
түсінеді: 
кірпіштерді тігінен және көлденеңінен қою арқылы 
кеңістікте құрылыс материалдарын дұрыс орналастыруды
қолданады: 
құрылыс материалдарының бөлшектерін, олардың 
құрылымдық қасиеттерін ескере отырып пайдалану дағдысын. 
Қолданылатын көрнекі құралдар: 
құрылыс материалдарының 
жиынтығы, ойыншықтар: қолтырауын Гена және Қалқанқұлақ, ұсақ 
ойыншықтар – аңдар, олардың достары, үлестірмелі материалдар. 
Сөздік жұмыс: 
пластиналар, үйдің іргетасы, қолтырауын, 
Қалқанқұлақ. 
Билингвальді компонент:
көп қабатты үйлер – многоэтажные 
дома. 
ҰОҚ-нің барысы 
1.
 
Ұйымдастыру кезеңі. 
Балалардың қызығушылығын ояту. Ғажайып сәт.
– Балалар, бізге қонаққа қолтырауын Гена және Қалқанқұлақ келді. 
Олар сендердің еңбекқор екендеріңді бұрыннан біледі екен. Бізге 
олардың үлкен өтініші бар. Сендердің қос қабатты үй салып 
бергендеріңді қалайды. Өздерің сияқты олардың да көп достары 


18 
бар. Барлығы бірге сол көп қабатты үйде тұрмақшы. Кәне, біз 
оларға көмектесейік.
Балалар қонақтармен амандасады. Өздерінің құрылыс салуға дайын 
екендіктерін білдіреді. 
– Балалар, үй құрылысын бастамас бұрын, ол қандай бөліктерден 
тұратынын есімізге түсірейікші: іргетасы, қабырғасы, төбесі, 
терезесі, есігі, баспалдағы т.б. 
Көп қабатты үйдің үлгісін қарау. Іргетасы кірпіштен, едені – 
пластинадан, қабырғасы – кірпіштер мен текшелер болып алмасып 
отырады; бөлмелер пластиналар көмегімен бөлінеді; екінші қабатта 
– балкон; ең жоғарғы жағында – шатыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет