Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет109/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

5. Өсімқорлық пайызбен қарыз беру
Адамзат қоғамында ғасырлар бойы қордаланған мəселелердің бірі өсімқорлық болса керек.
Мұнымен айналысып дəніккендер өзіне кіріптар болғандарды теспей сорып, елдің қақысын
қынадай қырып дəулет жинауда. Сол себепті, Аллаһ тағала қанаудың ең оңтайлы тəсілі рибаға
Құран кəрімде қатаң тыйым салған. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
да бұл


мəселені жиі тілге тиек еткен.
Адамзат қоғамының мың сан тетігі өзара байланысқан күрделі механизм іспеттес. Оның
тұтас істен шығуына бір тетіктің болмашы ақауы-ақ жеткілікті. Мəселен, өсімқорға əйтеуір бір
себептермен күні түскен адам əдетте қарызға белшесінен батады. Одан оңай құтылуға шамасы
келмегендіктен, күйгелектеніп темекі тартып, одан қалса «күйінішімді басамын» деген байғұс
үмітпен қу арақтың қақпанына қалай түскенін аңдамай қалады. Содан үй ішінің тыныштығы
кетеді, ұрыс-керіс, айқай-шу орын алады. Айналып келгенде, сүттей ұйып отырған бір
отбасының ойран-асыры шығады. Ал, отбасы қоғамға қаланған бір кірпіш екенін ескерсек,
өсімқорлықтың зардабы одан əрі күшіне мінеді. Сондықтан, Аллаһ тағала рибамен
айналысқандарға ауыр жаза кескен. Оның есесіне, «қарз хасан», яғни үстемесіз, өсімсіз қарыз
беруді құптаған, мұндай игілікті көмек бұл дүние мен арғы дүниеде адамды жақсылыққа
жетелейтінін айтып сүйіншілеген.
6. Ұрлық
Ұрлық дінімізде үлкен күнəлар санатына жатқызылған жəне алдын алу үшін барынша ауыр
жаза тағайындаған құқық бұзушылық. Аллаһ тағала Құран кəрімде: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет