4. Алыпсатарлық (Спекуляция) Спекуляция немесе жалпақ тілмен айтқанда алыпсатарлық дегеніміз – харам жолмен баюды
көздеген сауданың бір түрі. Өз қалтасының қалыңдауы үшін халыққа қажетті тауарды көп
мөлшерде сатып алып, сол тауарға сұраныс туған кезде бағаны күрт өсіріп айналымға шығару
дініміздің харам еткен ісі. Алыпсатарлық нарықтағы тепе-теңдікті бұзып, қоғамда
қымбатшылық туындатады. Алпауыт алыпсатарлар жеке бас пайдалары үшін талайды жарға
жығуға бар. Өз мүдделерін халықтың, қала берді мемлекеттің мүддесінен жоғары қояды,
нарықты билеп-төстеп, қолдан дағдарыс жасайды, сосын нарыққа тауар немесе ақша қаптатып
нарықтың өзге қатысушыларын бəсекеге төтеп бере алмайтындай дəрменсіз хəлге ұшыратады.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
харамға құрылған мұндай алыпсатарлық жайлы былай
д е й д і :
«Тауарды қымбаттасын деп тығып ұстағандар – қателікке ұрынғандар» [226] .
Шынымен де олардың əрекеттері бірегей жаңсақ есепке құрылған. Тағы бірде Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
алыпсатарлардың ақыреттік күйін былай деп жеткізеді:
«Кімде-кім халыққа қажет тауарды қырық күннен артық тығып ұстаса, ол Аллаһтан қашықта, Аллаһтың рақымы (мейірбандығы) да одан қашықта болады» [227] . «
Күнəһардан басқа ешкім ешқашан тауарды тығып ұстаумен айналыспайды» [228] дейді тағы бір хадисте.
«Тауарды тығып ұстамай нарыққа шығарған ризығын табады, алыпсатарлық жасаған малғұн (қарғысқа қалған) болады» [229] ,
«Кімде-кім мұсылмандарға залал келтіріп, азық- түлікпен алыпсатарлық жасаса, Аллаһ оны дəрменсіз ауру қылады жəне шығынға батырады» [230] .
Нарықтағы кейбір тауарларды айналымнан шығару арқылы уақытша дағдарыс жасап, өз
өнімінің бағасын өсіру немесе нарықты жаулап алу мақсатында тауарды өзіндік құнынан төмен
сатып, өзгелерді шығынға батыру да спекулятивті операциялар қатарына жатады.
Көріп тұрғанымыздай, алыпсатарлық қоғамның үлкен-кішісіне, бай-кедейіне қарамай
бəріне жаппай зардабын тигізеді. Бұл сауда алпауыттары арасындағы мəміле болудан қалып,
бұқара халықтың құқығын бұзатын қауіпті қылмысқа айналады. Ешбір кісінің қиямет күні есеп
беруден құтылмасы анық. Олай болса, Аллаһ тағала тыйым салған, Құран мен хадистерде бізге
қайта-қайта ескертілген мұндай əрекеттерден алыс жүргеніміз абзал. Ақылды адам келешегін
таразыға салып салмақтайды, өзін ақырет күніне дайындайды. Ақымақ адам нəпсінің
айтқанымен жүріп, айдауына көніп, өзіне қиянат жасайды. Олай болса, Құдайдан жамандыққа
бұйырған нəпсіміздің жетегінде кетпейтін ердің ері болуды тілейік.