Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет110/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

«Ұрлық жасаған ер мен
əйел адамның қылмыстарына Аллаһтан бір жаза ретінде қолдарын кесіңдер. Аллаһ аса
үстем, хикмет иесі»
, – деген («Мəида» сүресі, 38-аят).
Ұрлық туралы ой адамда ашкөздік, дүниеқорлық мінездері арқылы пайда болады. Еңбек
еткісі келмейтін еріншек адам ұрлық-қарлықпен күнелтуді ар санамайды. Əсілінде, адамның
еңбегі мен иелігіндегі мүлкіне қол сұғу харам. Ешкім бөтеннің рұқсатынсыз мүлкін өздігінен
иемденіп кете алмайды, кəдесіне асыра алмайды.
Аяттағы ұрының қолын кесу жазасы əуелгіде əділетсіздік, қатыгездік секілді көрінуі
мүмкін. Бұл жаза – бір үйір мал ұрлағанға да, бір тал сіріңке ұрлағанға да бірдей қолданылатын
кесім емес. Ұрлықтың көлеміне, тигізген зардабына сəйкес жазаның да тағайындалу тəртібі, оны
ауырлататын немесе жеңілдететін көптеген факторлар ескерілетіні анық. Не ұрласа да ұрының
аты ұры. Сондықтан, қоғам өмірінің қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін жəне меншік құқығының
сақталуына кепілдік ретінде мұндай жазалау əдісін дұрыс деп білген жөн.
Ислам меншікті қорғауды маңызды деп, дүние-мүлкін қорғаштап жүріп мерт болғанның
шейіттігін білдірген
[231]
. Ұрлық тек бөтеннің мүлкін заңсыз иемденумен шектелмейді,
қорқытумен, бопсалаумен, жəбірленушінің денсаулығына зиян келтірумен, мүлікті бүлдіру
немесе жоюмен де іске асуы мүмкін.
Ұрлық жасауды тек материалды игіліктерді қолды қылу деп түсінбеген жөн. Оның мүліктік
емес игіліктерге де қатысы барын естен шығармайық. Халық даналығындағы «Ұрлық түбі –
қорлық» дейтін мақал ұрының əшкере болып, ел ішінде жаман аты шығып, күлкіге айналуын,
қор болуын сөз етпейді. Мақалдың түйіні пəни дүниедегі қорлықта емес, ақыреттегі қорлықта
жатыр. Сондықтан, халқымыз ұрпағының ертеңін бүгіннен сақтандырып, ұрлықтың ақыреттегі
жазасы қорлық екенін түсіндірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет