Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


 Үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу



Pdf көрінісі
бет63/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

2. Үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу
Аллаһ тағала Құранда мүминдерді 
«Аллаһ елшісімен бірге болғандар кəпірлерге тым
қатал, өзара өте мейірімді»
деп сипаттаған («Фəтих» сүресі, 29-аят). Шынайы мүмин дініне
берік, туған-туысына мейірбан, дұшпанына тастай қатты болады. Үлкенді сыйлап, жасы кішіге,
əлсізге, жетім-жесірге қамқор келеді.
Аллаһ тағала мұхажир бауырларынан ештеңелерін аямаған ансарларды мақтап былай деген:
«Мəдинаның байырғы иман еткен тұрғындары көшіп келгендерді жақсы көреді, олармен
бөліскен дүниелері үшін өкінбейді. Сондай-ақ, өздерінде таршылық бола тұра, олардың


қиналғанын қаламайды»
(«Хашр» сүресі, 9-аят).
Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Үлкенге құрмет көрсетпеген, кішіге қамқор болмаған
бізден емес»
, – деген
[111]
. «Бізден болмау», яғни Аллаһтың шарапатынан, оның елшісінің
шапағатынан мақұрым қалу мүмин үшін адам төзгісіз жағдай. Аллаһ пен елшісінің жолынан
айнымау үшін мүмин əрдайым илəһи əмірлерді бұлжытпай орындауы тиіс.
Аллаһ жолында бірін-бірі жақсы көргендер жайында Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
былай дейді: 
«Жеті адам бар, Аллаһ тағала оларды алақандай да сая табылмаған қиямет күні
өз көлеңкесіне алады. Соның бірі бір-бірін Аллаһ үшін жақсы көріп, Аллаһ үшін кездескен, Аллаһ
үшін тарасқан адамдар»
[112]
.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
Аллаһ тағаланың қиямет күні былай дейтінін айтады:
«
Бір-бірін менің разылығым үшін жақсы көргендер қайда? Көлеңкемнен басқа ешқандай пана
қалмаған бүгін оларды аршымның саясына паналатамын»
[113]
.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
сəлемдесіп, амандық-саулық сұрасу мүминдердің тез тіл
табысуына сеп болатынын мына хадисте айтады: 
«Жанымды құдіретті уысында ұстаған
Аллаһқа ант етейін, сендер иман келтірмей жаннатқа кіре алмайсыңдар. Бір-біріңді жақсы
көрмей толық иманға келмейсіңдер. Өзара сүйіспеншіліктеріңді арттыратын нəрсені айтайын
ба? Сəлемдесуді араларыңда кеңінен жайыңдар»
[114]
.
Сəлем – мүминдердің жан сарайын ашатын кілт. Бұл сиқырлы кілтпен мүмин
бауырларының көңілін табады, бір жағынан сауапқа да кенеледі. Ал, сəлемге салқын қарау
адамдарды тоңторыстыққа алып барады. Сəлемге сараң мұсылман бауырымен қарым-қатынасын
суытады, сөйтіп туыстық ақысына сын келтіреді.
Əбу Идрис əл-Хаулани айтады: «Шамдағы мешітке кірген едім. Анадай жерде жүзі
шырайлы бір жас жігітті көрдім. Түрлі тақырыпта пікір таластырған жамағат соның сөзіне
тоқтап, бас иіп отырды. «Бұл кім?» деп едім, отырғандар: «Муаз ибн Жəбал (р.а.)» деп жауап
қатты.
Ертеңіне ертемен тағы мешітке бардым. Əлгі жігіт менен бұрын келіп намазда тұр екен.
Намазын бітірген соң қасына барып:
– Аллаһқа ант етейін, сені жақсы көремін, – дедім.
– Аллаһ үшін жақсы көресің бе? – деп сұрады.
– Иə, Аллаһ үшін, – дедім.
– Шынымен де Аллаһ үшін жақсы көресің бе? – деп қайта сұрады.
– Иə, шынымен де Аллаһ үшін жақсы көремін, – дедім. Сол-ақ екен шап беріп киімімнен
ұстап, өзіне қарай тартты да:
– Құттықтаймын! Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
Аллаһ тағаланың былай дегенін
айтады: 
«Тек мен үшін бір-бірін жақсы көрген, менің разылығым үшін жиналған, менің
разылығым үшін бір-бірін зиярат еткен, менің разылығым үшін садақа беріп, игі амал жасаған
жан менің сүйіспеншілігіме бөленеді»
, – деді»
[115]
.
Мүмин бауырын жақсы көріп жəне сол сезімін бүкпей айтатын
[116]
мұсылмандар
арасындағы татулықтың басты кепілі.
Имам Ғазалидің мұсылманның мұсылманда ақысы ретінде осыны талап етуі жоғарыдағы
хадистерден бастау алып жатса керек. Сүйіспеншілік болмаған жерде əуелі немкеттілік, сосын
өкпе-реніш, кейін өшпенділік орын алады. Мұсылман адам қалай болғанда да, бауырларын
жақсы көруге, олардың да жағдайын ойлап, қиын күндері қол ұшын беруі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет