Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


«Уа, мүминдер, бір-біріңді аңдымаңдар»



Pdf көрінісі
бет71/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

«Уа, мүминдер, бір-біріңді аңдымаңдар»
, – деген («Хужурат» сүресі, 12-аят).
Келесі бір аят: 
«Мүмин ер адамдар мен мүмин əйелдерді жазықсыз кейіткендер болса, олар
мойындарына ауыр күнə жүктеп алды»
, – дейді («Ахзаб» сүресі, 58-аят).
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Күмəншіл болудан сақтаныңдар. Орынсыз күмəн –
сөздің ең жалғаны. Жел сөзге құлақ түрмеңдер. Жұрттың айыбын іздемеңдер»
, – деген
[135]
.
Тағы бірде: 
«Мұсылмандардың бойынан мін іздеп бəлеге соқтықпаңдар, олардың тəрбиесін
бұзасыңдар, не болмаса бұзуға итермелейсіңдер» 
деп
[136]
, кісінің артына шам алып түсуді
адамдардың мінез-құлқындағы оңбаған қылық деп түсіндірген.
Абдуллаһ ибн Мəсғудтың (р.а.) алдына жазаға тарту үшін бір адамды: «Бұл сақалынан шарап
тамған пəленше деген маскүнем» деп алып келеді. Сонда ибн Мəсғуд бұларға қарап тұрып: «Біз
адамдардың кем-кетігін тексеруден тыйылдық. Өздігінен көзге бадырайып көрініп тұрған
кемшілік болса, оның жөні бір басқа. Оған шара қолданамыз», – деген екен
[137]
.
Дінімізде берілетін жаза кісінің сыртқы тұрқына емес, қия басқан қадамына, қисық
қимылына қарап тағайындалады. Кесімді билік айту үшін нақты айғақ қажет. Исламда жария
түрде күнə істеген, не болмаса қылмысы дəлелденген адамдарға ғана жаза берілген.
Өмірде сүттен ақ, судан таза, қателіктен ада адам болмайды. Сондықтан, əлдекімнің
Аллаһтан қорқып, не болмаса халықтан ұялып жасырған айыбын тінте қарап əшкерелеу –
əманда мұсылмандыққа жатпайды. Керісінше, кісінің жамандығын жасырып, жақсысын асыру
мүмин үшін жарасымды емес пе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет