5. Мұсылманға жылы шырай таныту, жақсылық жасау Мұсылмандарға жылы қабақ таныту, мейірбан болу Аллаһ тағаланың əмірі екенін
«Мұсылмандарға қолқанат бол» («Хижр» сүресі, 88-аят) деген аяттан білеміз. Ал,
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
бұл əмірді мұқият орындағанын:
«Уа, пайғамбар, оларға жұмсақ сыңай байқаттың. Тұрпайы, қатал болғаныңда олар міндетті түрде маңайыңнан тарап кетер еді» («Əли Имран» сүресі, 159-аят) аяты аңғартады. Тағы бір аятта
«Аллаһ тағала жақсылық істеушілерді сүйеді» («Əли Имран» сүресі, 134-аят) деген хабар бар.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
жақсы сөздің жарым ырыс екенін төмендегі хадистерінде
білдірген:
«Жарты құрма болса да, садақа беріп тозақтың отынан сақтаныңдар. Бұған да шамасы жетпегені өзін жақсы сөз арқылы қорғасын» [123] .
Əбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«
Жақсы лебіз – садақа» [124] , – деген екен.
Əбу Зəрдан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
былай дейді:
«Діні бір бауырыңа жымиып қарау да жақсылық» [125] .
Басқа бір хадисте Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Иманнан кейін ақылдың басы – адамдарға сүйіспеншілік пен жақындық білдіру» , – деген екен
[126]
.
Бір-біріне қабақ шытып, бір ауыз жылы сөз қимаған мұсылмандардың ынтымағы кемиді,
бірлігі азаяды. Сондықтан, бір-бірімізге жылы ұшырай қарап, жылы-жылы сөйлейік, тату
тірліктің ұйытқысы береке-бірлік екенін ұмытпайық.