«Шын
мəнінде
мүминдер
өзара
туыс.
Сондықтан,
туыстарыңның
арасын
жарастырыңдар жəне Аллаһтан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер»
деген
(«Хужурат» сүресі, 10-аят) əмірі мүминдердің өзара бауыр екенін, басқа бауырларының
арасынан қара мысық жүгіріп өткенде ара ағайындық жасау керек екенін білдірсе,
«Жақсылыққа, тақуалыққа жəрдемдесіңдер. Күнəға жəне дұшпандыққа қол ұшын созбаңдар.
Аллаһтан қорқыңдар...»
(«Мəида» сүресі, 2-аят) деген аят мұсылмандардың күнəда,
дұшпандықта бір-біріне болыспауға тиіс екенін білдіреді.
Пайғамбарымыз (с.а.с) да:
«Бір-біріңмен қарым-қатынасты үзбеңдер, бір-біріңнен теріс
айналмаңдар, бір-біріңді жек көрмеңдер, бір-біріңді күндемеңдер, бір-біріңе бауыр болыңдар.
Мұсылманның үш күннен артық мұсылман бауырымен араз болуы халал емес»
[117]
деген еді.
Қырғи-қабақтықтың емі екі жақтың бір-бірінің кінəсін жуып-шайып, мəмілеге келуі. Мүминге
тəн ынтымақ пен бауырмалдықтан айнымау.
«Мұсылманның діндес бауырына үш күннен артық кек сақтағаны жақсылық емес.
Ренжіскен екеудің қайсысы бірінші болып кездескенде сəлем берсе, сол артық»
[118]
, – деген
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
алəйһи
уə
сəллəм)
əр дүйсенбі мен бейсенбіде амалдардың Аллаһқа
ұсынылатынын, діні бір бауырымен өштескен адамнан басқа Аллаһқа ширк қоспағандардың
барлығының күнəлары кешірілетінін, ал кектенген адамдар жайлы Аллаһ тағала періштелерге:
«Мына екеуінің амалын бір-бірімен табысқанша, кейінге қалдырыңдар» деген əмір беретінін
айтады
[119]
.
Ағайынның араздасқанын құптамайтын Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
бір хадисінде:
«Мұсылман мұсылман бауырына үш күннен артық ренішті болып, осы өшіккен күйі өліп кетсе,
тозаққа барады»
[120]
, – деген болатын.
Мұсылман бауырына бір жыл бойы кек сақтаған адамның оның қанын төккенмен бірдей
күнə арқалайтынын айтқан Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
тағы бірде:
«Бір мүминнің мүмин
бауырына үш күннен артық суық қабақпен қарауы халал емес. Үш күн өткен соң, онымен
татулассын, сəлем берсін. Екінші кісі оның сəлемін алса, екеуі де сауапқа кенеледі. Ал, берген
сəлемін алмаса, алмағаны үшін күнəға батады. Сəлем берген кісі күнəдан арылады
[121]
деген
болатын. Демек, араздасқан адамдар бірінші болып сəлем беріп, татуласуға қадам жасаса, онысы
алдымен өзіне қайырлы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |