7. Ренжіскен мұсылмандарға ара ағайын болып татуластыру Бір-бірімен ренжіскен мұсылмандарды татуластыру, ынтымаққа шақыру Аллаһтың
мүминдерге берген əмірі екенін ұмытпаған жөн. Онысын Құрандағы:
«Шын мəнінде мүминдер туыс. Сондықтан, араздасқан туыстарыңның арасын жарастырыңдар жəне Аллаһтан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер» («Хужурат» сүресі, 10-аят) деген аят арқылы
білдіреді.
«...Ендеше мүмин болсаңдар, Аллаһтан қорқып тату болыңдар. Жəне Аллаһқа, Пайғамбарына бағыныңдар» («Əнфал» сүресі, 1-аят),
«Кімде-кім садақа беруді, не бір жақсылықты немесе адамдардың арасын жарастыруды əмір етсе, ол қайырлы» («Ниса»
сүресі, 114-аят) деген аяттар ара ағайындықтың оңды іс екенін, мұсылмандардың бірлігі мен
татулығына сеп болатынын айтқан.
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
ренжіскен екі адамды жарастырудың садақа екенін
айтуы
[130]
да айтылған ойды қуаттай түседі. Үммі Күлсім бинти Ұқба ибн Əбу Мұғайт (р.а.)
жеткізген риуаятта Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
адамдар арасын жарастыру үшін айтылған
өтіріктің күнə емес екенін айтқан
[131]
.
Осыдан-ақ, дініміздің аразды татуластырып, дұшпанды достастыруға үлкен мəн бергенін
көреміз. Бір-біріне өкпелі мұсылмандарды көре тұра оларды татуластырмау иман иесіне мүлде
жараспайды. Өзіне тілеген нəрсені өзгеге тілемеген жан мүмин емес. Мұсылман адам
адамзаттың бақыты үшін титтей болса да үлес қосу арқылы ғана нағыз иманның дəмін татпақ.